Қазақстан • 24 Маусым, 2018

Жапониядағы жер сілкінісінен 7 мыңға жуық ғимарат қираған

930 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Осака префектурасында 18 маусымда болған жер сілкінісі салдарынан 7 мыңға жуық тұрғын үй мен шаруашылық құрылымдары зақымданған, деп хабарлайды NHK.

Жапониядағы жер сілкінісінен 7 мыңға жуық ғимарат қираған

Табиғи апаттың зардабын жою штабының дерегі бойынша, мұндай бүлінулер 16 қала мен кентте тіркелген. Негізінен 1980 жылдардың басында қазіргі жапондық антисейсмикалық нормаларға сай келмейтін құрылымдар зақымданған.

Сондай-ақ, апат болған аймақта осы уақытқа дейін 8,5 мың пәтер мен жеке үйлерде газ өшірулі тұр. Жер сілкінісінен кейін олардың саны 110 мың болды. Толықтай газбен жабдықтау 25 маусымда қалпына келтіріледі деп жоспарлануда. Жерасты дүмпуі салдарынан Осака префектурасының солтүстігінде бес адам қаза тауып, 350 тұрғын түрлі жарақат алған.