Үкімет • 25 Маусым, 2018

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

922 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Іс-шараға Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Президенті Әкім­ші­лігі Басшысының орынбаса­ры О.Оразалин, Қазақстан Рес­­публикасы Мемлекеттік қыз­­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­­мыл агенттігінің төрағасы А.Шпек­баев, орталық және жер­­гілікті атқарушы органдар бас­шылары, мемлекеттік қыз­мет­шілер қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова өзі­нің құттықтау сөзінде Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың мем­лекеттік қыз­меттің миссиясы халыққа адал қызмет ету және ұлттық мүд­дені тиімді қорғау деген сөзі­не тоқталды.

Содан кейін Мемлекеттік хат­шы бұл мейрамның биыл тәу­­елсіз Қазақстанның символы – Астананың 20 жылдық мерей­той­ымен орайлас келгенін атап өтті.

– Әрбір мемлекеттік қыз­мет­ші ел Президентінің стра­те­гия­лық бағытын жүйелі жүзеге асы­руға өз үлесін қосып келеді. Халқымыздың ерен еңбегі мен жасампаз істерінің арқасында Қазақстан табысты әрі қуатты жә­не беделді мемлекетке ай­нал­ды, – деді Мемлекеттік хат­шы.

Тәу­елсіздік жылдары «Қазақ­стан – 2050» стратегия­сын, Ұлт жоспарын, елдің Үшін­ші жаңғыруын табыс­ты жү­зеге асырып келе жат­қан за­манауи және жоғары кәсі­би мем­лекеттік аппарат қалып­тас­ты.

Бүгінде мемлекеттік қыз­мет саласында 98 мыңға жу­ық қызметші еңбек етуде. Кейінгі жылдары мемлекеттік аппа­раттың тұрақтылығы қам­тамасыз етілді. Кадр алмасу 2015 жылдан бері (2015 жыл­ғы 11,2 пайыздан 2017 жы­лы 6,2 пайызға дейін) 2 есе азайды. Соңғы үш жылда ман­сап моделінің арқасында жұ­мыс бабында жоғарылаған мем­лекеттік қызметшілер саны 4 есе көбейді.

Экономикалық ынты­мақ­тастық және даму ұйымы сарап­шы­ларының бағалауы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қыз­­мет жүйесі жаһандық стан­­дарттарға сай келеді, ал мемлекеттік аппараттың «қар­та­­юы» және гендерлік теңсіздік көр­сеткіштері жөнінен ілге­рі­леушілік байқалады.

Мерекелік шара аясында «Қазақстан Республикасының 2018 жылғы үздік мемлекеттік қыз­метшісі» конкурсының 20 же­ңімпазы «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Үздік қызметкерлер қата­ры­нан сөз алған Атырау об­лыс­­тық әкімдігі экономика жә­не бюджеттік жоспарлау бас­қар­масының басшысы Ай­дар Нұралиев өзінің жүрек­жар­ды тілегін жеткізді.

– Мемлекет басшысы бізге 2050 жылға дейін әлем­нің озық 30 мемлекетінің қа­та­ры­на кіруге күш салуды мін­дет­теді. Бұл міндетке мем­ле­кеттік басқару тетігінің тиім­ді жұмысы арқылы қол жет­кі­зе­міз, – деді А.Нұралиев.

Марапаттау рәсімінен кейін елі­міздегі танымал әртістердің жә­­не өнер ұжымдарының қаты­суы­мен мерекелік концерт өтті.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»