Аймақтар • 25 Маусым, 2018

Қырымбек Көшербаев: Цифрлық технологиялар жаңа заманның «мұнайы»

989 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында өткен «Цифрландыру: аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» атты интернет-форумына Ресей, Татарстан, Беларусь, Украина және Қытай сарапшылары мен «Huawei», «Dell», «Сколково» секілді цифрландыру саласының әлемдік жетекші компанияларының өкілдері қатысты деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Қырымбек Көшербаев: Цифрлық технологиялар жаңа заманның «мұнайы»

Форумның ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: Адамзат төртінші өнеркәсіптік революцияға қарай қадам басты. Оның өз қағидалары бар. Онлайн мен оффлайн арасындағы шекаралар жойылып, киберфизикалық жүйелердің заманы келе жатыр,-деді. -Осыған орай жүйедегі салалардың құрылымы мен мемлекеттердің рөлі өзгеруде. Цифрлық технологиялар жаңа заманның «мұнайы» атанды. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың 25 пайызы цифрлық форматқа көшеді. 2018 жылы цифрландыруға облыстық бюджеттен 2,4 миллиард теңге қарастырылды. Ақылды басқару, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қауіпсіздік және бизнес салаларында 50 жуық жоба жүзеге асырылуда.

Облыс басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды осылайша жүлгелеп берді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.