Аймақтар • 26 Маусым, 2018

Цифрлы технология – жаңашылдық бастауы

1351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы – «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бұл күндері партия қызметін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.   

Цифрлы технология – жаңашылдық бастауы

Елімізде халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру және білім беру саласында заманауи IT-технологияларды кеңінен қолдану бағытында жұмыстар басталды. Павлодар өңірінде де осы жаңа міндеттер жүктелген стратегиялық бастамалар жүзеге асырылуда. Облыста атқарылып жатқан жаңашыл жұмыстармен танысып қайту үшін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова келді. 

Сапар барысында Тамара Дүйсенова облыс орталы­ғын­да­ғы IT-технологияларды қол­дану бағытында жұмыс басталған бірқатар нысандарды аралады. №37 мек­теп­те, Оқушылар сарайын­да ашылған ІТ-сынып­тар­дың жұмысымен таныс­ты. Былтыр ашылған №37 жар­қыраған жаңа мектепте цифр­лы технологиялар бірге ілесе келгендей. Оқушылар мек­тепке арнайы карта немесе саусақ ізі арқылы кіріп-шыға­ды. Ата-аналарға арнайы хабар­лама жолданады. Бұл ата-ана­лардың балаларын бақылап оты­руына мүмкіндік береді. 

Цифр­ландыру саласындағы мек­тептің келесі жетістігі – онлайн-тамақтану жүйесі. Бұл жүйе арқы­лы да ата-аналар балаларының не ішіп-жегенін қадағалай алады. Оқушылар өздері де тапсырыс береді. Мұға­лімдер бөлмесі де соңғы үлгі­де жабдықталып, ұстаз­дар қауымы цифрлы техно­ло­гияның мүмкіндіктерін пайдалануда. 

– Бұл күндері «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» атты партиялық жобалар аясында ашылған сыныптарда балалар заманауи бағдарламалық тіл­дер мен өзге де ақпараттық тех­нологияларды үйренуде. Жоба 3 жылға жоспарланған. Елі­­мізде 1000 IT-сынып ашы­ла­ды. Балалар сыныптарда бағдарламалар, веб-сайттар, анимация және мобильдік қо­сымшалар жасауды үйренеді, – деді партия хатшысы.

Жалпы, бұл күндері өңірде жа­ңа партиялық жобалар қа­нат­қақты бастама ретінде жүр­гі­зілуде. «Нұр Отан» партиясы мен жергілікті мемлекеттік орган­дар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес қауым­дас­тық арасында бірқатар мемо­ран­думға қол қойылды. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашуға, IT мамандарды даярлап, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыруға, өңір­лік кітапханалар жүйесін транс­формациялауға жағдай жасалып, кітапханалар қазіргі заманғы білім орталығы ретінде қайта құрылуда. 

Облыс орталығындағы П.Васи­льев атындағы орта­лық қалалық кітапхана мен бала­лар­ға арналған орталық қалалық кі­тапханада коворкинг-орта­лығы ашылды. Т.Дүй­сенова «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ламасы бойынша қолға алын­ған 18 жобаның бірі, қа­зіргі заманға сай ІТ-техно­ло­­гиялармен, 3D форматты теле­дидармен және жұмсақ жи­һаз­дар­мен жабдықталған орта­лық­ты аралап көрді. Соны­мен қа­тар мұнда әртүрлі тақы­рып­та­ғы үйірмелер, тренингтер, ше­берлік сабақтарын т.б. жобалар­ды өткізуге мүмкіндік бар. 

Ал «Нұр Отан» партиясы жер­­гілікті филиалы бастаған «Бала­ларға арналған тегін IT-сы­нып­тар» жобасының бірін­ші кезеңі аяқталуға жа­қын. «YBYRAI» Жас программис­тер лигасы» қоғамдық қоры­ның ди­ректоры Әзиза Шөжеева­ның айтуынша, бүгінде облыс­та­ғы қалалар мен аудандар­да 15 IT-сынып ашылған. 

Фарида БЫҚАЙ, 
«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы