Аймақтар • 26 Маусым, 2018

Алматыда мемлекеттік қызметкерлер арасында тіл сайысы өтті

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» қалалық байқауын өткізді.

Алматыда мемлекеттік қызметкерлер арасында тіл сайысы өтті

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуді, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауды мақсат ететін байқау Алматы қаласының алты ауданы бойынша өткізілді.

Қатысушылар мемлекеттік тіл саясатына, тіл туралы заңнама мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысты сұрақтарға жауап беріп, тіл туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді жатқа айтты. Қазақстандағы  танымал  жерлерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, әр топ кезекпен музыкалық театрландырылған қойылымда өнерлерін көрсетті.

Тіл сайысы барысында Алматының Алмалы ауданы Бас жүлдені жеңіп алды. Ал І орын Алатау ауданының, ІІ орын – Жетісу, ІІІ Наурызбай ауданының еншісіне тиді. «Сәлемдесу», «Керек дерек», «Сөз маржаны»,  «Киелі мекен», «Ана тілім – ән-жырым» сияқты бес кезеңнен тұратын байқауда бақ сынап, озып шыққан мемлекеттік қызметкерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»