Әлем • 28 Маусым, 2018

ЕҚЫҰ-да Астана фотокөрмесі ашылды

641 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұй­ы­мының штаб-пәтері ор­на­ласқан Хофбург кон­гре­сс-орталығында Аста­на­ның 20-жылдығына орай фо­то­көрме ұйымдас­ты­рылды.  

ЕҚЫҰ-да Астана фотокөрмесі ашылды

Фотокөрменің ашылу сал­та­натындағы сөзінде Қазақ­стан­­­ның Вена қаласындағы ха­лық­­аралық ұйымдар жа­нын­дағы Тұ­рақты Өкілі Қайрат Сарыбай Аста­наның көпжақты диплома­тия мен бітімгершіліктің ірі ха­лық­аралық орталығына айна­л­ғанын атап өтті. Осы орайда, 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ қа­тысушы мемлекеттерінің «ер­кін, демократиялық, ортақ және бө­лінбес еуро­атлантикалық жә­не еура­зия­лық қауіпсіздік қо­ғам­дас­тығын» қалыптастыру қағи­датына мүдделілігін біл­­дір­ген ЕҚЫҰ тарихи сам­митінің рөлін атап өтті. Қазақ­стан­дық дипломат «Еура­зия жүрегіндегі заманауи, қар­қынды дамып келе жатқан қала бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамуды нығайтуда алда­ғы уақытта да үлкен рөл ат­қа­рады», деп мәлімдеді.

Қазақстан Республи­ка­сы­ның Вена қала­сындағы ха­лық­аралық ұйымдар жа­нындағы Тұрақты өкілдігі тара­пынан дайындалған экспо­зиция қонақтарды бас қала­ның архитектуралық, мә­дени жә­не спорт объекті­ле­рімен қатар, Аста­на­да өткен ірі және маңызды ха­лық­аралық іс-шараларымен та­ныстырды. Оған қоса, Астана мерейтойына орай Қазақстанның Сыртқы іс­тер министрлігі дайын­даған қаланың қалыптасуы мен дамуы туралы «Астана – бей­­­біт­ші­лік қаласы» ат­­­­ты арнайы видео-тас­­­­па көрсетілді.

Фотокөрмеге ЕҚЫҰ Бас хат­­шы­сы Томас Гремингер, Тұ­рақты Өкілдер, Ұйымға қаты­сушы-мем­лекеттер мен ын­тымақтастық бойынша серік­тес мемлекеттердің өкіл­дері және ЕҚЫҰ атқарушы құ­рылымдық бөлімшелерінің қыз­­­меткерлері, сондай-ақ г­ен­­дер­лік қаржыландыру бойын­­ша оқу семинарына қаты­су мақсатында Аус­трия­ға ісса­пар­мен келген делегация мүше­л­ері, оның ішінде Қазақстан Респуб­ли­касы Президенті жанын­дағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары Елена Тарасенко мен Ләззат Сүлеймен де көрменің ашылуына қатысты.

Аталған фотокөрме Астана мерейтойын атау шең­­беріндегі Аус­триядағы ме­­ре­­келік жобалар легінің бі­­рі болды.

Сол күні ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңес отырысы барысында Аста­на­дағы ЕҚЫҰ Бағ­да­р­­­ла­малар офисінің бас­шы­­сы Дьердь Сабо «Қазақ­стан-2050 стратегиясы», «Бес институционалдық ре­фор­­маны жүзеге асыру жө­нін­дегі – «100 нақты қа­дам» Ұлт жос­пары, сон­дай-ақ Қазақстанның Пре­­­зи­денті Нұрсұлтан На­зар­­­ба­­ев-
тың Қазақстан хал­қына «Қа­­зақстанның үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» және «Төртінші өнер­кәсіптік рево­люция жағ­дайындағы да­му­дың жаңа мүм­кіндіктері» жол­­дау­ла­рын­д­а алға қойылған мақ­сат­тарды жүзеге асыруға қол­ға­быс көрсететінін және ЕҚЫҰ өкіл­дігі өз жұмысын соған қарай не­гіздегенін хабарлады.

Д.Сабо ЕҚЫҰ Бағдар­ла­малар офи­сінің 2017 жылдың шіл­де­сінен бастап 2018 жыл­дың маусы­мына дейін Қазақстанның бір­сыпыра қалалары мен өңір­ле­рінде қауіпсіздік, экономика, экология және адам құқықтары мен бостандықтары іспеттес салаларда іс-шаралар өткіз­генін айтты.

Тұрақты Кеңес отырысы барысында Қазақстан Тұрақты Өкілі қарымта баян­да­масында ЕҚЫҰ өкіл­дігінің жұмысына оң баға беріп, бағдарламалық жо­ба­лардың санынан бұрын сапасы­на назар аударуға шақырды. Сон­дай-ақ ЕҚЫҰ өкіл­дігінің жұмысын заман талабына сай әрі ЕҚЫҰ Астана Саммиті барысында алға қойыл­ған мақсаттарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Егемен-ақпарат»