Қазақстан • 30 Маусым, 2018

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Егемен Қазақстан» жолдаған эстафетаны қабыл алды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Dombyra-информ» бастамасы жалғасын тауып жатыр.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Егемен Қазақстан» жолдаған эстафетаны қабыл алды

«ҚазАқпарат» бастамасын әуелі «Егемен Қазақстан» газеті бастаманы іліп әкетіп, келесі кезекті «Қазақстан» ұлттық арнасына жолдаған болатын.

Өз кезегінде «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин эстафетаны қабыл алатынын әлеуметтік желіде мәлім еткен еді. Ал күні кеше ол Фейсбуктегі парақшасында көпшілікке аталған видеоны жария етті.

«Ұлттық домбыра күніне орай «Егемен Қазақстан» газетіндегі әріптестеріміз жолдаған эстафетаны зор құрметпен қабыл алдық. Алғыс білдіре отырып, біз де қолымызға қасиетті домбыраны алып, тілегімізді өлеңмен өрнектедік. Енді бұл эстафетаны «Астана» телеарнасына жолдаймыз. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері Қуаныш Сұлтанұлы мен Нұрмат Мансұрдың лебізін тыңдаңыздар» деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51