Парламент • 02 Шілде, 2018

Парламенттің үшінші сессиясы аяқталды, депутаттар – демалыста

388 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жұма күні Мәжі­ліс үйінде өткен Парла­мент пала­таларының бірлес­кен отырысында VI сай­ланған Пар­ламенттің үшін­ші сессия­сы аяқ­тал­ғаны туралы қаулы қабылданып, депутаттар кезекті жазғы демалысына кетті. Бірлескен отырыс Мә­­жіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин­нің төраға­лығымен өтті. Ол кіріс­пе сөзінде алтын­шы сай­лан­ған Пар­­ламенттің үшінші сессия­сы­ның қызметі еліміз үшін өте маңызды және тарихи кезең­де атқарылғанын айтты.

Н.Нығматулин еліміздің БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңе­сіне төр­аға бол­ғанына, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көр­мес­і ұйымдастырылғанына, елор­дада Сирия жағдайы бо­йынша «Астана процесі» өтіп, Қазақ­станның әлемдік деңгейдегі келіссөздер алаңына айналғаны­на тоқталды. «Бұл шаралар Елба­сы­мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық аре­­на­­дағы биік беделінің, ішкі және сыртқы саясаттағы ерен еңбе­гінің көрсеткіші. Сондай-ақ үшін­ші сессия жұмысында бол­ған тағы бір тарихи оқиға бар. Ол – «Президенттің бес әлеу­мет­тік бастамасының» осы сессия барысында жария­лануы. Бұл бастамалар халқымыздың жағ­дайын күшейтуге арналған теңдесі жоқ, ерекше қадамдар болды. Қос палата депутаттары осы бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қол­дауға белсене араласты. Пар­ла­менттің осы сессиядағы ең негізгі жауапты міндеті Елбасымыздың басқа да тапсырмаларын жоғары деңгейде, сапалы заңдармен қам­тамасыз ету болды», деді палата Спикері Н.Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, өткен сессияда Мемлекет бас­шысының тапсырмаларын жүзе­ге асыру барысында қос палат­аның бірлескен 4 отырысы, Мәжілістің 38, Сенаттың 25 жалпы отырысы өтіп, онда 400-ге жуық маңызды мәселе қаралған. Сондай-ақ үшінші сессия өз жұ­мысын бастаған кезде екі пала­таның қарауында 129 заң жобасы болса, жабылуы қарсаңында олардың 84-і қабылданып, ал 65-іне Елбасының қолы қойылып, құжаттар күшіне енді. Солардың қатарында еліміздің басты қаржы құжаты – республикалық бюджет туралы заңның болғанын ерек­ше атап өтуге болады. Депу­та­т­тардың осы заңға енгізген ұсы­ныстарының нәтижесінде бюд­жеттің әлеуметтік бағыты күшейтіліп, білім беру, денсау­лық сақтау, мәдениет және спорт нысандарына тиісті қаражаттар бөлінді. Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» және «Кедендік реттеу туралы» кодек­с­тер мен «Кәсіпкерлік қыз­мет­ті реттеуді жетілдіру мәсе­ле­лері жө­ніндегі», сондай-ақ «Стан­дарт­тау туралы» және «Венчур­лік қар­жыландыру» туралы ма­­ңыз­­ды заңдар қабылданды. Бұдан өзге, мемлекет құрылысы және азаматтық қоғамды дамыту бағы­тында «Қазақстан халқы Ассамб­леясы туралы», «Ақпарат және ком­муникациялар» туралы, ал әлеу­меттік-гуманитарлық бағыт­та «Тұрғын үй қатынастары мәсе­­ле­лері» мен «Жұмыспен қамту және халықтың көші-қон мәселелеріне» арналған бір­қа­тар заңдар қабыл­дады. Олар­дың ішінде Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдар­лама­сын іске асыру бойынша қабыл­данған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің орны ерекше. Онда осы саладағы қатынастарды реттей­тін барлық нормалар тұң­ғыш рет бір заңнамалық құжат­қа жи­нақ­талды. Бұл өз кезегінде жер­ді пайдаланушылар мен инвес­тор­ларға ортақ қолайлы жағ­д­ай туғызды. Н.Нығматулин Пар­ла­менттің негіз­гі міндеті заң шығарудан бөлек, қоғамдық инс­ти­туттармен және халықпен өза­ра жұ­мыстарды табысты жү­зе­ге асы­р­ғанын айрықша атап өтті.

Биыл Парламентте 18 Үкімет сағаты, 6 Парламенттік тыңдау, 27 дөңгелек үстел, комитеттердің 44 көшпелі отырысы және 3 халық­аралық конференция ұйым­дас­тырылған. Олардың көпші­лігі экономикалық және әлеу­мет­тік мәселелерге арналды. Үшін­ші сессияның қызметіне «Нұр Отан», «Ақ жол», «Халық комму­нис­­тері» парламенттік фракция­лары және Қазақстан халқы Ассам­б­леясының депутаттық тобы атсалысып, ел игілігі үшін жұмыла жұмыс атқарды. Екі палата депутаттары да халықты маза­лаған маңызды мәселелерге ерекше көңіл бөліп, сессия барысында тиісті органдарға 374 депутат­тық сауал жолдады. Оның ішінде Мәжіліс депутаттарынан жолданған сауал саны – 274 болса, Сенат депутаттары – 100 сауал жолдаған. Ал азаматтардан келген хаттар саны 9 мыңнан асып түскен. Осы орайда Парламенттің аймақтарға жасаған сапары туралы ерекше атап өту керек. Бұл сапарлар аясында Сенат пен Мәжілістің барлық депутаттары 4 мыңнан астам кездесу өткізіп, оған елі­міздің түкпір-түкпірінен 200 мыңнан астам адам қатысқан. Бұдан өзге, басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен байланыс­тарды нығайту мақсатында да үлкен жұмыстар атқарылды. Парламент 13 парламентаралық ұйыммен және 80-нен астам елдің парламентімен өзара әріп­тестік орнатып, 300-ден артық халық­аралық іс-шараға қатысты. Бұл қадамдар парламентаралық байланыс­ты дамыту арқылы мем­лекетіміздің сыртқы саясатын нығайтуға ықпал етуде.

Сөз соңында Мәжіліс Төраға­сы Н.Нығматулин алдағы сессияда талқыланатын мәселелер, қабыл­данатын заңдар және бір­лесіп атқаратын шаралар көп екенін жеткізіп төртінші сессия­да ат­қарылатын жұмыстардың бір парасына тоқталды. «Парла­мент келесі сессия барысында Ел­басының Жолдауы мен «Бес әлеу­меттік бас­таманы» іске асыру­ға арналған жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады. Депутаттық корпус Үкімет­пен тығыз байланыс жасай отырып, отандық экономиканы кү­шейтуге, кәсіпкерлікті қолдауға, әлеу­меттік кепілдіктерді сақ­тауға, елімізді одан әрі нығайтуға және демократия­ны дамытуға бағыт­талған жаңа заңдар қабыл­дайтын болады. Бүгінгі таңда Парламент қарауында 45 заң жобасы жатыр. Атап айтқанда, «Арнайы экономикалық және индуст­риялық аймақтар», «Мем­ле­кеттік статистика», «Мем­ле­кеттік сатып алу» мәселе­лері жөнін­дегі және «Агроөнер­кәсіп­тік кешенді реттеу», «Кинема­то­­графия» туралы заң жобалары бар. Сонымен қатар қазан айында Астана қаласында өтетін «Ин­вес­ти­ция – жастарға» атты халық­ара­лық конференция ұйымдаст­ыруға бастамашы боламыз», деді ол.

Бірлескен отырысқа қатысу­­шы­ларды Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаған Н.Нығ­матулин: «Халқымызда кемеге мінген – теңізге шығады» деген қанатты сөз бар. 20 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың депутаттар алдын­да жариялаған тарихи идеясы бүгінде барша қазақ­стандықтардың мақ­­танышына айналды. Бүгінгі Астана – Елба­сының ерен ерлігі. Бүгінгі Астана – Елбасының тарихи жеңісі. Бүгінгі Астана – Елбасы­ның орындалған арманы», деді.

Сөз соңында Мәжіліс Төр­ағасы Н.Нығматулин үшінші сес­сия жұ­мысының нәтижесі Сенат пен Мә­жілістің Үкіметпен және барлық мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, ақпарат құралдарымен бірлесіп атқарған елеулі еңбектерінің жемісі екенін айтып, оларға да алғысын жет­кізді. Айта кетер жайт, сессия бойы Парламенттің жалпы отырыстары, Үкімет сағаттары онлайн режімде көрсетілді.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»