Қазақстан • 03 Шілде, 2018

Шөлдегі көлдің құпиясы

766 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шөл далада көл пайда болды. 

Шөлдегі көлдің құпиясы

Себебі құдықшы мамандар 1755 метр тереңдікке дейін бұр­ғылап қазған артезиан құдық­тан су атқылап шықты. Сөйтіп күн­діз-түні бір тынбай ағып жат­қан әлгі мол суды бір жерге жиып, тоқтататын тоспа жасалды. 

 Бұл әрине, әңгіменің тоқете­­рі ғана.

Ал енді сол «тоқетерге» ше­йінгі бір гәп былай болды. 

Тыңдаңыз.    

Көнеден бері кенезесі кеуіп, сусырап жатқан тақыр жерге алғашқыда су іркілмей, шым-шымдап сіңіп кете берді, кете берді. Содан соң осы өңірдің кәрі-жасы жиылып, ақылдаса, кеңесе келе бір амалын тапты. 

Нақтырақ айтсақ, олар өзде­ріне дейінгі өмір сүрген ата-баба­ларының кәсіби айла-тәсілдерін еске ала отырып: «Тоспаның тү­біне күн сайын мал иіре берейік», деген тоқ­тамға келді.

Сөйтті де, күнбе-күн осы құ­дық­тан су ішетін отар-отар қой­ды, үйір-үйір жылқыны, келе-келе түйені әлгі болашақ көлдің табанына иіріп, бор­пылдаған топырағын мың-сан тұяққа таптата берді, таптата берді. 

Сонан соң арада бірнеше ай өткенде су жиылып, көлге айналды.

Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»