Аймақтар • 04 Шілде, 2018

Сырдария ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендейді

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сырдария ауданында 2018 жылы 725 жаңа жұмыс орны ашылу керек болатын. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев қазір 283-інің ашылғанын, жыл соңына дейін 423 жұмыс орнын күтіп отырғандығын айтады. Сонда ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыздан 4,9 пайызға төмендейді екен.

Сырдария ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендейді

Сырдария ауданының 2017-2021 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасына сәйкес құны 259,3 млн.теңгенің 35 кәсіпкерлік жобаларының іске қосылуы жоспарланса, бүгінгі күнге 63,3 млн.теңгенің 15 жобасы іске қосылған. Бұл жобалар негізінен кәсіпкерлердің өз қаражаттары есебінен жүргізілуде. Соның нәтижесінде Тереңөзек кентінде «Эко құрылыс Проджект» ЖШС-нің құны 11 млн теңгенің Қалғандария көлінде жағажай жобасы, «Сыр маржаны» ЖШС-гінің құны 40 млн. теңгені құрайтын күріш ақтау цехы сияқты жобалар іске қосылып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, «Углесбыт» ЖШС-нің Тереңөзек-Қызылорда автотрассасының бойынан «Мал бордақылау алаңын ашу» жобасының құрылысы басталып кетті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы