Спорт • 05 Шілде, 2018

Топ жарған тоғызқұмалақшылар марапатталды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада елорданың 20 жылдығына орай оқушылар арасында тоғызқұмалақтан сайыс өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар жас суретшілер арасындағы байқау да мәреге жетті.

Топ жарған тоғызқұмалақшылар марапатталды

«Отанымыздың жү­ре­гі, тәуелсіздігіміздің ті­регі – Астана» атты ме­ре­­келік шара аясын­да­ғы бай­қауларды Ұлт­тық ака­де­миялық кі­тап­­хана жа­­нын­дағы Бала­лар кі­тап­ханасы ұйым­дас­тырған болатын. «Біз­дің мақсатымыз – бала­лар­ға Астана туралы жан-жақ­ты мағлұмат бе­ру, отансүйгіштікке тәр­би­е-
леу. Сонымен қатар ж­ас бу­­ын арасында ұлт­тық ойын­дарды насихат­тау», дей­ді Балалар кітап­ха­на­сы­ның жетекшісі Мөлдір Телейхан.

Іс-шара мерекелік кон­цертке ұласып, же­ңім­паз­дарды Ұлттық ака­де­мия­лық кітапхананың директо­ры міндетін атқарушы Нұр­жан Нұрланұлы құт­тық­­­тап, үздік шыққан оқу­шы­­ларға марапаттарды та­быс­тады.

Сонымен тоғызқұмалақ сайысында 1-орынды ел­ор­дадағы №73 мек­теп-ли­цей­­дің 4-сынып оқу­шысы Есен­ғали Сұл­тан­бей­­барыс, 2-орынды №73 мек­­теп-ли­цейдің 4-сынып оқу­шы­сы Ізет Нұрланқызы, 3-орын­ды №25 мектептің 1-сы­нып оқушысы Әлихан Жұ­ма­ғали жеңіп алды.

Ал сурет салу сайысын­да 1 орын №72 мек­теп-лицейдің 5-сынып оқу­шы­сы Әмина Серікке, 2 орын №76 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Сырмат Қа­дыровқа, 3 орын №73 мек­­теп-лицейдің 5-сынып оқу­шысы Сымбат Мұрат­жанқызына берілді.

 

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА