Қаржы • 05 Шілде, 2018

«Даму» Қоры мен Халықаралық қаржы орталығы әріптестік жайлы меморандумға қол қойды

558 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) әкімшілігінің Басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

«Даму» Қоры мен Халықаралық қаржы орталығы әріптестік жайлы меморандумға қол қойды

Меморандум Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ұзақ және орта мерзімді жобалардың жүзеге асу барысына қолдау көрсетуді көздейді. Тараптар елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестиция тарту бойынша халықаралық ұйымдар мен даму институттарымен әріптестік орнатуды көздеп отыр.

«Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп Қазақстандағы кәсіпкерлікті насихаттау мен дамытуғабағытталған кешенді шараларды қолға алмақпыз. Бұл – үлкен инновациялық жобаның бір бөлігі. Оның көмегімен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олар үшін барлық жағдайды жасамақпыз», – деді Дәулет Әбілқайыров.

«Даму» Қоры мен қаржы орталығының әріптестігі елдің жеке секторына қаражат тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, АХҚО өңірдегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы ретінде Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларына өз үлесін қосады», – деді «Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов.

Құжат аясында Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің ақпарат алу сапасын арттыруға арналған бірлескен инновациялық жобалар жасалып,  қаржы, инвестиция және әлеуметтік ғылымдар саласындағы мамандарды кәсіби түрде оқытуға бағытталған бірлескен білім беру бағдарламалары дайындалады.

Дайындаған Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

 АЛМАТЫ