2030 жылға қарай елорданың келбеті қандай болмақ?

Жиырма жылдық тойы қарсаңында арғы-бергі тарихы түгенденіп, әлеуметтік-экономикалық, мәдени көрсеткіштері, осы ғаламат жобаның бастауында болған азаматтардың естеліктері баспасөзде кеңінен жариялануда. Яғни, төр қаланың кешегісі мен бүгінгісін көзіқарақты жұрт жақсы біледі. Ал 2030 жылға аяқ басқанда, Астананы қалай елестетуге болады? Бас қаламыз қай бағытта дамиды, «ақылды қаланың» азаматтарға берері не? Жаңа белеске қадам басқан тұста осы сауалдарға жауап іздеп көрсек. 

Егемен Қазақстан
06.07.2018 3059
2 Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Әңгімені тым алыстан емес, жуырда ғана жарияланған жаңа­лықтан бастайық. Жақын аралықта Астананың Байқоңыр ауданы­на қарасты «Жастар» шағын ауда­нын­дағы А.Бараев, А.Кравцов, Ж.Тәшенов және Т.Хусейн көше­лерінің қиылысында «ақылды» аудан жасалатындығы туралы хабар жылт еткенде ел елеңдей қалды. Оның мәні мынада. Жоспар бо­йынша жаңа технологияларды енгізу арқылы қыздырылатын тро­туарлар, жылытылатын жолдар, «ақылды» жүргінші және кө­ліктік жоспарлау, цифрлық-мобильдік кәсіпкерлік, «ақылды» инфрақұрылым (жарық, кәріз), қоқысты саралау және қауіп­сіздікті қамтамасыз етуден құра­латын жүйе құрылмақ. 

Осы айтылғандардың ішінен жылы­тылатын жаяу жүргіншілер жолын алып қарайықшы. Алды­мен жылы жолда мұз қатпайды – жүргіншілердің тайып жығылуы, мертігуі болмайды. Бұл – қауіп­сіздіктің нышаны. Жолдағы қарды күні-түні сыпырып-тазалаудың қажеті жоқ – еңбек күші мен қара­жат үнемделеді. 

Заманауи технологияны енгі­зуге «Жастар» ауданы бекер таң­дал­маған. Ауданның қаланың қақ ортасында орналасуы, Есілдің екі бетіне де шығатын жолдың бойын­да жатуы, ең бастысы әлем­дегі «ақылды» қала­лардың бірі – Барселонаның үлгісі есепке алынған кезде, оның қаланың ескі бөлігінде орналасуы ескерілген. 

Бұл жүйе алдымен аталған ­ау­­дан ­тұрғындарының ком­му­нал­дық шы­ғын­дарының үнем­­делуіне септі­гін тигізбек. Жауап­ты­ құрылымдар ин­женер­лік желі­лердің күйін, тозып-тозбаған­ды­ғына дейін автоматты түрде тек­серіп отырады. 

Оның үстіне тұрғындардың қыз­мет көрсетуші компаниялар­мен электронды байланысы жетіл­дірілмек, сондай-ақ жаб­дықтарды мобильді қосымшалар арқылы бас­қару, төтенше жағдайда үйді электр қуатынан, газ қызметінен шұғыл ажырату автоматтандырылады. 

«Жастардың» тұрғындары есік­­тен өткізетін магнитті карталары мен кілтті керексіз қылатын күн де жа­қын. Бейнетану камерасы базаға орна­ластырылған адамды «таныған» бой­да есік алды­ңыз­дан айқара ашылады. 

Қолайлы аялдамалар, энергия үнемдеуші лампалар – қазір бұл көзге үйреншікті технологиялар.

«Ақылды» ауданның бұдан бас­қа да игіліктері жетерлік. Ең­ бастысы, бұндай жүйе бола­шақ­­та Астанамызды толық қамти­тын­дығына ешқандай күмән жоқ. Бұл бұл ма, қазіргі таңда «ақылды аудан» жобасы аясында 40-тан астам технологиялық шешімдер іріктеліп, оларды жүзеге асыру жағы қарастырылып жатыр. Атап айтсақ, ол ақылды жарықтандыру, балалардың ойын алаңдары, электр энергиясын бақылау жүйесі, ақыл­ды бағдаршамдар, тұлғатану жүйе­сі 2030 жылға қарай Аста­наны әлем­дегі бас қалалардың алдына шы­ғарады деп жоспарланып отыр. 
Астана қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін елорда аумағы кеңеймейді және 71 мың га көлемі шегінде қала­ды, оның шеңберінде тұрғын үй және қоғамдық құрылыс са­лу аумағы 8,9 га көлемінен (2013 жы­л­ы) 17,9 га көлеміне дейін өсе­ді. Бұл үшін әкімдіктің ағым­дағы кезеңде құрылыс салу аумақ­та­рын инженерлік-көліктік инфра­құрылыммен қамтамасыз ету және 2030 жылға дейін тұрғын үй секторларын кезең-кезеңімен қайта жаңарту және 2023 жылға дейін ұйысқан құрылыс салу бойынша кешенді даму жоспары әзірленген. 

Қазіргі сәтте елорданы­ да­мы­­­тудың жоспарын­ әзір­­­леу бойынша конкурс өт­кі­зі­лу­­де, ал оның шең­­берінде Ұлы­британиядан, Кана­дадан, Син­гапурдан және Гон­конг­­тен әлемнің жетекші архитек­тура­лық бюролары өз жобаларын ұсынуда. 

Ресми сараптамаларға қараған­да, 2030 жылға қарай халық саны болжам бойынша 1 млн 220 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш мезгілінен бұрын орындалуы да бек мүмкін. Өйткені халықтың өсімінен, әлеуметтік жағдайынан хабар беретін автокөліктердің соң­ғы жиырма жылдағы санын қарап көрейік. Қазіргі уақытта Астана қаласында 368 837 автокөлік тіркелген, ал 1998 жылы «темір тұл­­пар» саны 12 665 (!) еді, яғни 30 есеге көбейген. 
Қазір көптеген зерттеуші­лер­дің, оның ішінде швед ғалымы Кьелл Нордстремнің пікірінше, енді елу жылдан соң әлемдегі 218 мемлекеттің орнын 600 қала ба­сады-мыс. Тарихқа да көз жү­гір­тер болсақ, Дешті Қыпшақ да­ла­сындағы Түркістан, Сығанақ, Сай­рамдардың мемлекетпен тең дәрежелі мәртебесі болғандығын көре­міз. Осыған қарағанда, әлгі болжамға сенуге болатындай, әлем­дік ғалымдар да мұндай құбы­лыс­ты ескергенге ұқсайды. 
Ал жаңа заманда Астана еліміз­дің жүрегі ретінде халықаралық қоғамдастықтағы орнын айқындай түсіп, даму шыңына шығатыны анық. Әлбетте, жас қалаларды заман талабына сай жаңғырту оңай. Оның үстіне Астананы да­мы­ту алғашқы күндерден-ақ Елба­сының тапсырмасы­ бо­йын­­­ша­ инновацияларға, жа­ңа техно­ло­гия­ларға, заманауи­ үде­рістерге негізделді. Елі­міз­дің түкпір-түкпі­ріндегі дарын­ды жастардың Бас қалаға шоғыр­лануына жағдай жасалды. Міне, бұл үдерістің жемісін бір ғана мысалмен дәйектесек болар – Ас­тана қазір өз-өзін қаржылық қам­тамасыз ететін мегаполис. 

Егер қаланы адамзаттың бо­ла­ша­ғына баласақ, жаһандық қалалардың жаңа әлемнің эконо­микалық жә­не сая­си тірегі бо­латындығына еш­­­­қан­дай күмән жоқ. Дәл осы алып қалалар экономиканы өрге жетелейді. Мысалы, алдағы елу жылда Қазақстан хал­­­қының 70 пайы­зы қала­ларға қо­ныстанады деген болжам бар. 

Демек, уақыт көшінен қалмау үшін қалалардағы өмір немесе тұр­мыс сапасын арттыру алдың­ғы қатарға шығады. Бір сөз­бен айт­­қан­да қалалықтардың жұ­мыс жа­са­уына, кәсіп ашуына, тұрақ­тылық, қауіпсіздік пен жайлы­лықт­ы сезі­нуіне баса мән беріледі. 

Астананың алдындағы мақсат та осы. Әлемде тұтас елді іл­гері сүйрейтін, сүйреп жүрген қала­лар­дың мысалы аз емес. Таяу Шы­ғыс­­ты алып қарасақ – Дубай, Оңтүстік-Шығыс Азияға қарасақ – Сингапур мен­мұндалайды. 

Олардың қасында Астана­ның да мүмкіндіктері, артық­шы­лықтары көп – біздің елорда Еура­зияның жүрегінде орналас­қан­дығының өзі де болашағын айқындай тү­седі. Де­мек, 2030 жыл­ға қарай Астананың әлем­дік инновация, денсаулық сақтау, білім, сауда мен туризмнің әле­уетті орталығына айналуына то­лық мүмкіндігі бар. 

Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу