Президент • 07 Шілде, 2018

Елбасы Түркия Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Түркия Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Қазақстанның елордасы – Астананың 20 жылдығымен құттықтады.

Түркия көшбасшысы Мемлекет басшысына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.