Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі. «7 – 20 – 25» бағдарламасы нақты жүзеге асырыла бастады

Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев «Прези­дент­тің бес әлеуметтік бас­тамасы» атты Үндеуінде әр­бір отбасына баспана алу­дың жаңа мүмкіндіктерін қарастыратын «7 – 20 – 25» бағдарламасын әзірлеуді ұсын­ғаны мәлім. Содан бері­де бағдарламаның жөн-жо­басы әзірленіп, заң­намалық қол­дау механизмдері бекі­тіл­ді. Осылайша нақты іс­ке асырыла бастаған бағ­дарлама бойын­ша банк­тер де алғашқы несиелерін бе­руге кірісті. Сонымен атал­ған жоба аясында кім­нің қандай мүмкіндігі бар?

Егемен Қазақстан
11.07.2018 507

Кімдер қатыса алады?

Елімізде бұған дейін де бас­пана алуға бағытталған бірқатар бағдарламалар іске асқан-ды. Солардың нәтижесінде былтырғы жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, баспаналы болған тұрғындар саны еселене түсті. Десе де, елдегі ірі қалалардағы халық санының күрт артуына қатысты жас отбасылар мен көп балалы отбасылардағы баспана мәселесі әлі толықтай шешім таба қойған жоқ. Осы ретте, мемлекет басшылығы барлық қазақстандықтарға арналған тиімді әрі қолжетімді бағдарлама ұсынып, Ұлттық банк «7 – 20 – 25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітіп, оны жүйелі іске асыруды ұйымдастыратын «Баспана» ипотекалық компаниясын құрды. Маусым айында Парламент бағдарламаны тиімді іске асыруға арналған заң жобасын мақұлдады. Аталған бағдарламаның бұдан бұрынғы жобалардан ерекшелігі көп. Жылдық мөлшерлемесі 7 пайызды құраса, бастапқы жарна – 20 пайыз, ал несиені 25 жылға дейін беру көзделіп отыр. Бағдарлама талабы бо­йынша өтініш беруші Қазақстан азаматы болуы шарт, екіншіден, қарыз алушыда кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен түсетін табыс болуы керек. Үшіншіден, қарыз алушыда үй сатып алуға, оның құрылысына немесе оның жөндеуіне арналған несиелер бойынша өтелмеген қарыздар болмауы шарт. Төртіншіден, ел аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда 15 шаршы метрден аспайтын жатақхана бөлмелерінен, апатты жағдайдағы үйлерден өзге баспанасы болмауы тиіс. Ал сатуға қойылатын тұрғын үйлерге қойылатын талап – жаңа салынған я болмаса пайдалануға берілген, яғни ешқандай қосымша құрылыс жөндеу жұмыстарын қажет етпейтін болуы тиіс. 

Тұрғын үй алудың шарттары бекітілді

Аталған бағдарлама шең­бер­ін­де тұрғын үйдің ең жоғарғы құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 25 млн теңге, ал өзге өңірлер үшін – 15 млн теңгені құрайды. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнына, сондай-ақ ауданына шектеу жоқ. Сонымен қатар бағдарлама аясында ауылдық жерлерден тұрғын үй сатып алуға немесе меншік үй сатып алуға да болады. Айта кетерлігі, сатып алушылар үшін жаңа салынатын я болмаса қолданыстағы нысандар мен тұрғын үйлердің тізімі жасалмаған. Тек сатып алушы тұрғын үйді өзі таңдап, бастапқы жарнаны төлеуге қа­жет­ті қаражатымен банкке жүгінеді. Өз кезегінде банк қарыз алушы­ны тексеріп, несие беруді мақұл­дайды. Одан кейін клиент пен құры­лыс салушы я болмаса тұрғын үй сатушы арасында келі­сім жасалады да, содан соң баспана кілті жаңа үй иесінің қолына табысталады.

Егер де тұрғын үй құны 5 млн болған жағдайда бастапқы жарнаның мөлшері 1 млн теңгені құрайды да, ай сайынғы төлем мөлшері 28 мың теңге болады. Ал 10 млн теңге болса, бастапқы жарна − 2 млн теңге, ай сайынғы төлем мөлшері – 57 мың теңге. Тұрғын үй бағасы 15 млн теңгені құраса, бастапқы жарна – 3 млн теңге, ай сайынғы төлем мөлшері − 85 мың теңге. Баспана құны 20 млн теңге болса, алдын ала төленетін алғашқы жарна – 4 млн теңге, ал айына – 113 мың теңге болады. Бағдарлама бойынша үйдің ең жоғарғы бағасы − 25 млн теңге, онда алдымен қолма-қол − 5 млн теңге аудару қажет болады да сосын ай сайын 141 мың теңге төлеу қажет. 

Бағдарлама еліміздегі орта деңгейдегі тұрғындардың баспана алуына мүмкіндік береді. Әсіресе, жас отбасылар үшін тиімді болып отыр. Отбасында ипотекаға қарыз алушының  табыс көзі жеткіліксіз болған жағдайда, қосалқы қарыз алушы ретінде жарын немесе туысын тартуға рұқсат етілген. Тіпті, олардың басында баспанасы болған жағдайда да несие алуға болады. Яғни, қосалқы адамға негізгі шарттар қойылмайды, оларға талаптарды банктер өздері белгілейді. 

Бағдарламаның шарты бойынша алғашқы жарнаны қолма-қол төлеуге мүмкіндігі жоқ жан­дардың Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне (ҚТҚЖБ) салынған салымдар есебінен төлеу қарастырылған. ҚТҚЖБ-да азаматтар салыстырмалы түрде төмен мөлшерлемемен яғни 3-5 пайыз қарыз алуына болады.

Ипотека беретін банктер

Таяуда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7 – 20 – 25» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша Астана, Алматы, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында алғашқы 7 несиенің берілгенін хабарлады. Бүгінгі күні несие беретін банктердің де тізімі белгілі болып отыр. Оған кез келген банктің қатыса алмайтыны түсінікті. Бұл ретте, банктерде бағдарламаға қатысуы үшін «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шкаласы болуы шарт. Сонымен қатар нарықта банктердің жиынтық активтері кемінде 3 пайыз болуы тиіс. Біздің елдегі аталған талаптарға сәйкес келетін банктер «Баспана» ұйымымен келісімге келіп үлгерген. Олардың қатарында Центркредит, Халық банк, Еуразиялық банк, Цесна банк, АТФ Банк, РБК Банкі және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бар. Алдағы уақытта бұл тізімге Сбербанк пен Форте банк та қосылмақ. Бағдарлама бойынша қарыз алу теңгемен жүргізіледі. Ал өз кезегінде қарызды бергені және оған қызмет көрсеткені үшін банктерге комиссия алуға тыйым салынған. Жоспар бойынша аталған бағдарламаны іске асыру аясында банктердің ипотекалық портфелі кем дегенде 1 трлн теңгеге ұлғаяды деген жоспар бар. 

Несие тарихы «таза» болуы маңызды

Ескеретіні, «7 – 20 – 25» жаңа ипо­­те­калық бағдар­ла­ма­сына өтел­­меген ипотекалық қары­зы барлар, бұған дейінгі несие тарихында уақытылы тө­­лем жүргізбегені тір­кел­ген­дер я болмаса мүлдем қары­­­зын қайтармағандар қаты­­са алмайды. Сонымен қатар бағ­дар­ла­мада бүгінгі күн­ге дейін алын­ған ипо­тека­­лық қарыздарды қай­та қар­­жы­ландыруға шектеу қо­­йыл­ған. Сатып алушы та­ра­пынан ипотекалық қарыз уақытылы өтел­меген жағ­дайда банк кепіл­дікке қойыл­ған мүлікпен қарызға алынған үйді қайтарып алуға құқылы.

«7 – 20 – 25» жаңа ипо­те­калық бағ­дарламасы биылғы жылдың шіл­десінен бастап беріле бас­тады. Оның нақты аяқталу мерзімі белгіленбеген. Жобаның «өмір­шеңдігін» қатысушылардың бел­сенді­лігі анықтайтын болады. 

Статистикалық мәлі­мет­­терге сүйенсек, елдегі ипо­текалық несиелеу нары­ғында соңғы 10 жылда өсім көңіл көншітерлік емес. ІЖӨ-дегі банк секторының ипотекалық үлесі 5,3 пайыздан, 2,2 пайызға дейін төмендеген. Егер 2007 жы­лы ипотекалық тұр­ғын үй қарыздарын беру көлемі − 418 млрд теңге болса, 2017 жылы 357 млрд тең­гені құра­ды. Бұған дейін елі­міздегі ипоте­калық несие беру бойынша пайыз­дық мөл­шер­леме 10 пайыздан тө­мен болмаған. Сондықтан да жұрт­­шылықтың еселеп несие төлеуге құлық танытпағаны түсінікті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін «7 – 20 – 25» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылып отыр. Оның тиімділігі мен пайдасын уақыт көрсетері анық.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

«Айбын» асқақтаған күн

18.07.2018

Маңызды жұмысқа жауапкершілікті көзқарас қажет

18.07.2018

Қой терісі демеңіз...

18.07.2018

Қазақ әдебиеті әлем тілдеріне аударылады

18.07.2018

Павлодар облысы жаңару мен жаңғыру жолында

17.07.2018

Гинеколог-акушер жас ананың өліміне қатысты пікір білдірді (видео)

17.07.2018

Елбасы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

17.07.2018

Каспий маңы елдерінің басшылары Ақтауда кездеседі

17.07.2018

Еліміздің үш қаласынан Баянауылға әуе рейстері ашылады

17.07.2018

Биыл Қазақстан перзентханаларында 31 ана қайтыс болды

17.07.2018

Алматыда Оңтүстік Кореямен бірлескен амбулаторлық клиника ашылды

17.07.2018

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17.07.2018

Арқайым – аңыздар андыздаған алқап

17.07.2018

Инновациялық жобалар мен тың идеяларға байқау жарияланды

17.07.2018

Ақпарат және коммуникациялар министрі Smart city жобасын жүзеге асыру бойынша есеп берді

17.07.2018

Елбасы «Павлодар мұнай химиясы зауытына» барды

17.07.2018

«Президент кубогы» басталды

17.07.2018

Қазақмыс биылғы алты айда 14 млн 507 мың тонна кен өндірді

17.07.2018

«Qazaqstan» мен «Qazsport» футболдан әлем чемпионатының көрсетілімін қорытындылады

17.07.2018

Жаңаөзенде «Астанаммен мақтанам!» атты дөңгелек үстел өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Жалғыздық жыры

Жақында жастық шағында жарқылдап дәурен сүрген, марқұм ағамызбен бақытты ғұмыр кешкен, қазір сексеннің сеңгірін саялаған бір жақсы апамыздың көңілін сұрап, халін білгенбіз. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу