Әлем • 11 Шілде, 2018

СІМ: Асылбек Мусиннің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ригада қайтыс болған Қазақстан азаматы Асылбек Мусиннің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

СІМ: Асылбек Мусиннің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылды

«Полицияның мәліметінше, қылмыстық істе қылмыс құрамы болмағандықтан іс жабылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өткен жылдың 27 желтоқсанында Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусиннің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді. Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған.