Басқа басылымдардан. Дыбыстан жылдам ұшақ жасалады

Егемен Қазақстан
12.07.2018 6223
2

Дыбыстан жылдам ұшақ жасалады

Боинг дыбыстан да жылдам ұшатын әуе кемесін жасайтынын мәлімдеді. Компания өкілдерінің айтуынша, заманауи жаңа үлгідегі ұшақ сағатына 6000 шақырым қашықтықты бағындыратын кө­рінеді.

NBCnews арнасының дерек­теріне қарағанда, мұндай жыл­дамдықпен Нью-Йорк пен Лондон арасын екі сағат ішінде ұшып өтуге болады. Яғни жаңа әуе кемесі әлемнің кез келген түкпіріне санаулы сағаттың ішінде жеткізеді.

Боинг компаниясының дыбыс­тан жылдам ұшақ жасау жөніндегі аға ғылымы Кевин Боукаттың айтуынша, қазіргі таңда уақыттың құны жоғары. «Адамзат әрдайым жылдамдықты жақсы көріп, кез келген нәрсені тез аяқ­тауға талпынады. Сіз уақытты қай­та әкеле алмайсыз, сондықтан оның құны өлшеусіз», дейді ол.

Әзірге жаңа ұшақтың аты қалай болатыны белгісіз. Бірақ компания өкілдері оның қарапайым ұшақтардан әлдеқайда жылдам ұшатынына, тіпті дыбыспен жа­рысқан Конкордтан да жылдам болатынына уәде беріп отыр.

Естеріңізде болса, бұған дейін­­ де дыбыстан жылдам ұшақ жасалған-тұғын. Франция мен Ұлы­британия тарапы бірлесіп жа­­саған Конкорд, Кеңес үкіметі құрас­тырған Ту-144 әуе кемелері көкке кө­терілген. Алайда мұнай баға­сының көтерілуі мен билет құнының қымбаттығы салдарынан ондай ұшақтардың қызметі тиімсіздік туғызды. Әзірге Боинг компаниясы бұл мәселеге қатысты қандай шара қабылдайтынын нақты айтқан жоқ.

Үңгірге қамалғандар құтқарылды

Таиландта үңгір аралап жүріп жоғалып кеткен балаларды құтқару операциясы сәтті аяқталды. 12 футболшы бала мен олардың бапкері аман-есен сыртқа шығарылды.

Естеріңізде болса, осыдан бір­неше күн бұрын Тхам Луанг үңгірін ара­лауға кеткен балалар футбол ко­мандасы мен оның бапкері ізім-ғайым жоғалған болатын. Кейі­ні­рек олардың үңгірге қамалып қал­­ғаны анықталды. Толассыз жау­ған жаңбыр Тхам Луанг­ты суға толты­рып, шығар жолды жа­уып тас­таған. Жоғалғандарды із­дес­­­тірген құт­қарушылар балаларды он күннен кейін ғана тапты. Балалар үңгірдің түбін­де, 4 шақырым қашықта қама­лып қалған.

Балалардың қайда қалғанын анық­­тағанмен, оларды құтқару оңай­ға соққан жоқ. Алғашқы күні 4 баланы ғана құтқаруға мүмкіндік туды. Екінші күні тағы 4 бала жер бетіне шығарылды. Қалғандары үшін­ші күні ғана дін-аман отбасымен қауышты.

Жалпы, құтқару операциясы 8 шілдеде басталды. Оған мыңнан аса адам, 90 сүңгуір тартылды. Сүң­гуірлер балалар орналасқан жерден үңгірдің кіреберісіне дейін арқан керіп, балаларды алып шығатын жол әзірлеген. Төрт шақырымға созылған үңгірде құтқару жұ­мыстарын жүргізу оңайға соқ­қан жоқ. Сүңгуірлер арқан кер­генімен балалардың су астында қимылдауын, арнайы құралдан демалуын үйретуге де біраз уақыт кетті. The Guardian басылымының хабарлауынша, құтқарушылар 8 сағат бойы суық суда тік тұрып жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Оқиға бүкіл әлем назарын аударды. Шартараптың баспасөзі құтқару операциясының орындалу барысын жарыса жазды. Тіпті SpaceX компаниясының негізін қа­лаушы Илон Маск та оқиға бол­­ған жерге барып, балаларды құт­қаруға қатысты өз ұсынысын да жасап көрген-ді. Ол балаларды зымыранның қалбырынан жасал­ған қаптамамен алып шығуды ұсын­ды. Алайда құтқарушылар И.Масктың заманауи идеясынан гөрі қалыптасқан дәстүрлі құтқару тә­сілін пайдалануды жөн санаған.

Жапония халқы орасан зардап шекті

Жапонияда су тасқынынан 179 адам қаза тауып, 70-ке жуығы іс-түзсіз жоғалды. Бұл – кейінгі он жыл­­да болған ең қайғылы апатқа айна­лып отыр.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан туындаған тасқыннан әлі де көптеген адам зардап шегуі мүмкін. Осыған байланысты елде 8 миллион­нан астам тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді.

BBC арнасының мәліметіне сүйенсек, 270 мың үй жарықсыз, су­сыз қалған. Әсіресе, Окаяама, Хиро­шима және Яамагучи аймақтары ора­сан залалға ұшыраған. Елдегі 23 аудан тұрғындарын қауіпсіз жер­ге көшіру жүргізіліп жатыр. Мың­даған адам уақытша мектеп залдарында тұрақтады. Айта кету керек, соңғы рет су тасқынынан мұншалықты көп адам 1982 жылы қаза тапқан болатын.

Төтенше апаттан зардап шек­кен­дерді құтқару жұмысына 75 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Олар­дың қатарында өрт сөн­діру­шілер, әскерилер де бар. Тіпті, Жапония­ның премьер-министрі Синдзо Абе де шет елге іссапарын кейінге қал­дырып, тасқынның салдарымен кү­ресуге бел шеше кірісіп кетті.

BBC арнасының хабарлауынша, тас­қын болған аумақтарда жауын әдет­тегіден бірнеше есе көп жауған. Сондықтан тасқын су бой бермей, талай жанның өмірін жалмаған көрінеді.

Шолуды дайындаған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу