Теннис • 12 Шілде, 2018

«Президент кубогы» елордада өтеді

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шілде айының 16-22 күндері аралығында Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында теннистен дәстүрлі халықаралық «Президент кубогі – 2018» турнирі өтеді.

«Президент кубогы» елордада өтеді

ATP Challenger және ITF Women’s  сериясына енетін биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 205 000 АҚШ долларын құрайды. «Президент кубогы» турниріне әлемнің 30 елінен ең үздік деген 200 теннисші қатысады. Олардың ішінде әлем рейтингісінің ТОП жүздігіне енетін теннисшілер бар. Қазақстан құрамасынан Александр Недовесов, Тимур Хабибулин, Деннис  Евсеев, Роман Хасанов, Гүзел Айнитдинова және Жібек Құламбаева қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 16-22 шілде аралығында «Astana Masters 12&under President’s Cup» балалар турнирі мен әуесқой теннисшілер арасындағы «Astana Open» турнирі ұйымдастырылады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»