Қазақстан • 12 Шілде, 2018

Венчурлік қаржыландыруға қатысты заңға қол қойылды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы аптада Мемлекет басшысы Н.Назарбаев  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған құжат жаңа технологиялар нарығын қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Венчурлік қаржыландыруға қатысты заңға қол қойылды

«НАТР» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаменті директор орынбасары Гүзел Сұлтанова: «Заңның қабылдануының нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың өсуі күтілуде, венчурлық қаржыландыру нарығындағы қатысушылар инвестициялық жандандырылады, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, халықтың кәсіпкерлік белсенділігі артады»,-деді. Оның айтуынша, заң аясында венчурлік қорлардың құқықтық мәртебесі анықталмақ. Сонымен қатар, жеке венчурлік капитал нарығын дамып, цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесі қалыптаспақ.

Аталған заңнаманы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен Инвестициялар және даму министрлігі әзірлеген болатын.