Саясат • 13 Шілде, 2018

Қазақстан мен Ресей арасындағы декларацияға қол қойылғанына – 20 жыл

1142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей арасын­да­ғы ХХІ ғасырға бағдарланған мәң­гілік достық және одақтастық ту­ралы декларацияға қол қойы­луы­ның 20 жылдығына орай екі ел­дің сыртқы істер министрлері құттықтау жолдауларымен алма­сып, екі халықтың достығын ны­ғайту мүддесімен көпқырлы ын­тымақтастықтың дамуын жал­ғастыруға сенім білдірді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы декларацияға қол қойылғанына – 20 жыл

Қазақстанның Сыртқы істер минис­трі Қайрат Әбдірахманов бұл маңызды құжатқа қол қою Қазақстан мен Ресей қаты­нас­ының одақтастық сипа­тын алғашқы рет белгілеп, біз­дің елдер арасындағы ынты­мақ­тас­тықтың үлгілі моделінің ны­ғаю­ы­на және жан-жақты өз­ара ық­пал­дастығына жағдай жаса­ға­нын атап өтті.

«Өткен кезеңде Декларация біз­дің елдердің стратегиялық әріп­тестігі тетігінің берік негізі бол­ды. Және бүгін Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар се­нім­мен және қарқынды дамуда, ал өзара ықпалдастық барлық бағыттарда тереңдеуде»,  деп айрықша атап көрсетті Қ.Әбдірахманов.

Өз кезегінде, Ресейдің Сырт­қы істер министрі Сергей Лав­ров Декларацияның негіз бола­тын идеяларын іске асыру қазақстандық-ресейлік қа­ты­­настардың үдемелі дамуын, олардың одақтастық пен стра­те­гиялық әріптестіктің жа­ңа сапа­лы деңгейіне шығуын қам­та­­масыз еткенін атап өтті.

Ресей СІМ-інің басшысы өзі­нің құттықтау жолдауында: «Қа­зіргі күрделі халықаралық жағ­дайда мұндай амал бізге бір-біріміздің мүдделерімізді еске­ре­тін шешімдер табуға мүмкіндік береді», деп жазды.

1998 жылғы 6 шілдеде екі мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев және Борис Ельцин Қазақстан мен Ресейдің мәң­гілік достық дәнекерін «ұлт­тық қауіпсіздіктің, саяси тұрақ­ты­лықтың, ұлтаралық келісім мен екі елдің өркендеуінің кепілдігі» ретінде сақтайтынын салтанатты түрде мәлімдеді.

2018 жылғы 6 шілдеде бел­гілі ресейлік басылым «Рос­сий­ская газетада» Сырт­қы іс­тер министрі Қайрат Әбді­рах­­ма­н­овтың Декларацияға қол қойылғандығының 20 жыл­дығына арналған мақаласы шық­ты. Атап айтқанда Министр жа­ңа мыңжылдықта екі ел­дің көпқырлы және табыс­ты қатынастары дамуының сапалы жаңа ұстанымдары мен параметрлерін қалыптастырған Декларацияның құндылығы туралы айтып өтті. Бұдан өзге, Қ.Әбдірахманов шын мәнінде ТМД кеңістігіндегі стратегиялық әріп­тестік пен одақтастық қаты­нас­тардың үлгілі моделі деп атау­ға болатын Қазақстан мен Ре­сейдің бүгінгі достық қат­ынастары туралы пікірімен бөлісті.

«Егемен-ақпарат»