– Олжас Төлегенұлы, Ұлттық Банк өткен жылы Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын әзірлеп, іске асырды. Бүгінгі күні осы ауқымды жұмыстың алдын ала нәтижелері туралы айтуға бола ма? Қабылданған шаралар, оның ішінде банктердің кредиттік белсенділігін арттыру бойынша шаралар қаншалықты тиімді болды?
– Дұрыс аңғарғансыз, өткен жылы Ұлттық Банк сіз атаған бағдарламаны табысты іске асырды. Оның басты мақсаты жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейін төмендету және экономиканы кредиттеуді одан әрі арттыруға жағдайлар жасау үшін банктер акционерлерінің қаражатын белсенді түрде тарта отырып, банк секторын қалпына келтіру болды. Бүгінгі күні еліміздің ірі банктерін уақтылы қолдау өзінің тиімділігін дәлелдеді деп тұжырым жасауға болады. Банктер нашар кредиттерінің негізгі үлесін есептен шығарып, экономикаға кредит бере бастады.
Банк секторын қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру нәтижесінде банктерді капиталдандыру айтарлықтай өзгерді. 2017 жылы және 2018 жылғы 4 ай ішінде реттеушілік капитал 518 млрд теңгеге (16%) өсіп, 3,7 трлн теңгені құрады. Капиталды ұлғайтумен қатар, банктер тәуекелді активтердің мөлшерін төмендетті, бұл жиынтығында капитал жеткіліктілігінің (к2) 2017 жылдың басындағы 16,3%-тен 2018 жылғы 1 мамырда 21,5%-ке дейін өсуіне мүмкіндік берді.
2018 жылғы 1 сәуірде банктердің 517 млрд теңге сомаға провизиялар қалыптастырғаны, ал есептен шығарылған қарыздар мөлшері 690 млрд теңге болғаны да банктердің қаржылық жай-күйінің жақсарғанын білдіреді.
Бұдан басқа, қарыз алушыларды қайта құрылымдауды ескере отырып, Бағдарламаға қатысушы банктердің 865 млрд теңгеге жуық сомаға қарыз беруі байқалды, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне – 315 млрд теңге, корпоративтік бизнеске – 329 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 222 млрд теңге. Бұл ретте осы банктерде проблемалық берешек (NPL) таргеттелетін деңгейде, яғни несие портфелінің 10%-інен аспайды.
– Бағдарлама шеңберінде мемлекеттің алғаш рет өз тәуекелдерін банктердің акционерлерімен бөлісті деген пікір дұрыс па? Бұрын банктерге қолдау көрсету бойынша барлық шығыстарды мемлекет көтеретін еді ғой.
– Иә, шын мәнінде, бұл Бағдарламаның бұрын іске асырылған, банктерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ерекшелігі акционерлердің ортақ қатысуы болып табылады. Екінші деңгейдегі банктердің акционерлері ортақ негізде 5 жыл бойы банктерді 421 млрд теңге сомаға үстеме капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдауға тиіс. Сонымен бірге қарыз алушыларды оңалту, қосымша кепілдер қабылдау, берешекті өндіріп алу сияқты активтердің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар 1,2 трлн теңгеден астам сома болуға тиіс.
Банктердің акционерлері бағдарламаға қатыса отырып, өздеріне тек қаржылық сипаттағы ғана емес, маңызды міндеттемелерді қабылдағанын атап өткен жөн. Олар бағдарламаға бастапқы кіру кезеңінде Ұлттық Банкте қорғаған бизнес-модельге сәйкес қаржы институтының тиімді жұмыс істеуін және экономиканың басым салаларын кредиттеуді кеңейтуді қамтамасыз етуге тиіс.
Банктің қаржылық жай-күйі одан әрі нашарлаған жағдайда бағдарламада жұмыс істеп жүрген акционерлердің үлесін азайта отырып, банктің капиталына реттелген борышты айырбастау мүмкіндігі көзделген.
– Бағдарлама бірінші кезекте оған қатысқан қаржы институттарының қарапайым салымшыларына көмектесті деп айтуға бола ма?
– Әрине, банк секторын қалпына келтіру жағдайларында банктердің халық, мемлекет және жеке компаниялар алдындағы айтарлықтай міндеттемелерінің болуы маңызды рөл атқарды. Олардың қаржылық ахуалы нашарлаған жағдайда жеке және мемлекеттік компаниялар, сол сияқты халық, сондай-ақ шағын бизнес зардап шегуі мүмкін еді. Соған қарамастан, біз қолданған тәсіл банктердің орнықтылығын арттыруға мүмкіндік берді, бұл ретте қаржы институттарын мемлекеттік қолдау қайтарымдылық негізінде көрсетілді. Жалпы алғанда, Бағдарламаны іске асыру қаржы жүйесінің орнықтылығын және экономиканың жай-күйін сақтау тұрғысынан аса маңызды.
– Бағдарламаның маңызды бөлігі Ұлттық Банктің реттеушілік мандатын күшейту, тәуекелге бағдарланған қадағалауды енгізу екені анық. Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қандай сатыда?
– Ұлттық Банк қолданып жүрген қадағалау құралдары шектеулі және қалыпты болып табылады. Бүгінгі күні Ұлттық Банк активтерді шығару бойынша банктердің операцияларын анықтай отырып, егер де заңнаманың талаптары формальді түрде бұзылмаса, оларды тоқтата тұруға мүмкіндігі болмайды.
Осы мақсатпен 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуекелге бағдарланған қадағалау енгізілетін болады, оның шеңберінде Ұлттық Банк тәуекелдер туындаған жағдайда алдын алу шараларын қабылдауды көздейтін уәжді пайымдау институтын пайдаланатын болады. Басқаша айтқанда, реттеуші банктердің қаржылық жағдайының нашарлауын күтпестен, дағдарысты ахуалдардың туындауын болдырмау мүмкіндігіне ие болады.
Мысалы, Ұлттық Банк мынадай төрт салада уәжді пайымдауды пайдалануға ниеттеніп отыр: менеджментті және акционерлерді келісу; құрылған провизиялардың (резервтердің) барабарлығын бағалау, банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды анықтау; тәуекел-
дерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін бағалау.
Қадағалап пайымдауды енгізу Ұлттық Банктің ағымдағы қадағалау өкілеттігін кеңейтпейтінін атап өткен жөн. Негізгі өзгерістер банктерді реттеудің қолданыстағы аясы ішінде орын алады. Іс жүзінде, Ұлттық Банктің қадағалау құралдары және оларды қолдануға арналған негіздер реттеледі. Мемлекет басшысы тиісті заңға үстіміздегі жылғы 2 шілдеде қол қойды.
– Кеңейтілген реттеушілік өкілеттіктерге ие болған жағдайда банктегі проблемаларды реттеу мәселелерінде Ұлттық Банк қандай әрекеттерге баратынын қарапайым болжамды мысалдармен айтып берсеңіз.
– Ағымдағы қадағалау процесі қалыптылығымен ерекшеленеді, бұл оның тиімділігін төмендетеді. Мәселен, «А» банкінде активтерді байланысты тұлғаларды кредиттеу арқылы және тұрақты емес қамтамасыз ету түрлері ретінде шығару белгілері байқалуы мүмкін. Бұл ретте банктер тарапынан пруденциялық нормативтер мен Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптары бұзылмаса, Ұлттық Банктің араласуға және активтерді шығару операцияларын тоқтата тұруға мүмкіндігі жоқ. Шын мәнінде, реттеуші формальді тәсілді таппайынша, банктердің қызметіне араласу және күмәнді операцияларды жүргізуді шектеу қиындайды.
Тәуекелге бағдарланған қадағалауға ауысқаннан кейін реттеуші пруденциялық талаптардың формальді түрде бұзылуын күтіп отырмастан, бірден күмәнді операцияларды жүргізуді шектейді, бұл міндетті түрде алдын ала отырып араласу және тәуекелі бар операцияларды шектеу есебінен қаржы институтының орнықтылығына ықпал етеді.
Оның үстіне тәуекелі бар операцияларды өткізгені және банктерді төлем жасауға қабілетсіздік жағдайына дейін жеткізгені үшін банктердің менеджменті мен акционерлерінің қылмыстық жауапкершілігі күшейтілетін болады.
– Қаржы нарығына кейбір қатысушылар Ұлттық Банк банктердің кредиттік қызметін, олардың активтерінің сапасын бағалау мәселелерінде басшылыққа алуды жоспарлап отырған «реттеушілік пайымдау» субъективті болуы мүмкін деп қауіптенеді. Ықтимал дауларды реттеу тетігі қандай болады?
– Банктер тарапынан уәжді пайымдауды енгізуге қатысты орын алып отырған сын Ұлттық Банктің уәжді пайымдау-
ды пайдаланатын қызметкерлерінде ықтимал субъективизмнің болу мәселелеріне қатысты. Бұл банктер мен басқа да қаржы ұйымдары тарапынан қауіптенудің негізгі себебі болып табылады. Соған қарамастан, заңнамаға енгізілетін түзетулердің редакциясы оны пайдаланудың жеткілікті түрде түсінікті және ашық тетігін және оған сотқа дейін, сол сияқты сот тәртібімен шағым жасау мүмкіндігін болжайды. Пайымдауды пайдалану кезінде заңдылық, негізділік, объективтілік және бірыңғай тәсіл қағидаттары сақталады.
Бұл орайда реттеушінің пайымдауы қадағалау процесін қатаңдату үшін, сол сияқты оны жұмсарту үшін пайдаланылуы мүмкін, мысалы, формальді талаптарға шамалы сәйкес келмеген кезде.
Уәжді пайымдау Ұлттық Банктің бір қызметкерінің ғана пікірі емес, ол – Ұлттық Банктің тиісті бөлімшелері басшыларының қатысуымен Ұлттық Банк Төрағасы орынбасарларының бірі басшылық ететін алқалы органының кәсіби негізді пікірі. Уәжді пайымдау қадағалау шарасын қолдану үшін негіз болып табылады.
Қадағалап пайымдаудың Ұлттық Банктің пікірі болып табылатынын ескере отырып, қате пайымдаулар тәуекелдерін азайту үшін заң жобасында қадағалап пайымдауды қолдану және сотқа дейін шағым жасау рәсімі жан-жақты реттеледі. Қадағалап пайымдауды дайындау кезінде бастапқы кезеңде банк оның жобасымен 5 жұмыс күнінен аспайтын уақытта танысады. Одан кейін, қадағалап пайымдауды Ұлттық Банктің алқалы органы қарайды және қарау нәтижесі бойынша Ұлттық Банк қадағалап ден қою шарасын (жазбаша ұйғарым) қолдануға құқылы, ол 10 жұмыс күні ішінде күшіне енеді. Банк қадағалап ден қою шарасымен келіспеген кезде қаржы институты жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы, оны Ұлттық Банк Басқармасы 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Қадағалап ден қою шарасы қарсылық білдіру қаралғаннан кейін күшіне енеді. Осылайша, қадағалап пайымдау-
ды іске асырудың жалпы мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды. Бұл ретте банктер бұрынғыдай, яғни Ұлттық Банктің уәжді пайымдауы және өзге шешімдері бойынша сот тәртібімен шағым жасай алады.
Біз уәжді пайымдау жөніндегі қадағалау шешімдерін қабылдаудың көрсетілген рәсімдерін барынша ашық деп санаймыз. Қаржы ұйымдарының уәкілетті орган шешімінің жобасына шағым жасау үшін жеткілікті уақыты болады. Қаржы қоғамдастығының уәжді қадағалап
пайымдау түріндегі жаңа қадағалау құралын пайдаланудың ұсынылып отырған тетігін толық қолдайтынын тағы да атап өткім келеді.
– Банк секторының орта мерзімді перспективадағы дамуына қатысты болжамыңыз қандай? Нарықтың шоғырлануын, оның қатысушыларының бірігуін күтуге бола ма?
– Қазіргі кезде еліміздің банк секторындағы ахуалын сенімді түрде тұрақты деп сипаттауға болады. Бұл ретте банк секторының орнықтылығын қолдау жөнінде қабылданған бағдарлама банк секторын тұрақтандыру кезінде маңызды рөл атқарды. Орта мерзімді перспективада банк секторын дамытудың неғұрлым өзекті мәселесі экономиканы кредиттеуді қалпына келтіру болады.
Тұтастай алғанда, қаржы ұйымдары біріктірілген жағдайда ол оң синергияны көрсетеді, себебі құрылған банк банктердің ресурстарын біріктіру салдарынан туындайтын басымдықтардың кең ауқымын пайдалана алады. Атап айтқанда банктерді шоғырландыру пайдасына: ауқым бойынша үнемдеу, функцияларды орталықтандыру есебінен әкімшілік, маркетингтік және басқа да шығыстарды төмендету, қаржылық қызметтердің тізбесін кеңейту, нарықтың үлесін ұлғайту, өз бизнесін географиялық әртараптандыру, басқару тиімділігін арттыру және т.б. дәлел болып табылады.
Осылайша, ауқым бойынша үнемдеу банктің мөлшері, өнімдер мен қызметтерді әртараптандыру, банк брендінің танымал болуы банк өнімдерінің басым бөлігін олардың тұтынушыларының басым бөлігіне қарама-қарсы сатудан қосымша пайда алуға мүмкіндік беруінен көрінетін болады. Нәтижесінде, банктің қаржылық жағдайының нығаюына, оны капиталдандыруға, нарықта тиімді жұмыс істеуіне сенім артуға болады.
– Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру шеңберінде Ұлттық Банк экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыс жүргізуде? Ұлттық Банк ЕДБ-ны қорландыруды кеңейту бойынша қандай шараларды іске асырмақ?
– Банктердің қолайлы мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді қорландыруға қолжетімділігін кеңейту Ұлттық Банк жұмысының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Банктерде қаржы ресурстарының болуы – кредиттік процесті жандандырудың, олай болса, ел экономикасы дамуының негізгі талабы Экономиканы ұзақ қорландырумен қамтамасыз ету және экономиканы кре-
диттеуді кеңейту үшін бірқатар жұмыс жүргізілді, жақын арада тағы да іске асырылатын болады.
Біріншіден, екінші жарты жылдықта «7 – 20 – 25» ипотекалық кредиттеу бағдарламасы іске асырыла бастады оның аясында бес жылдық кезең ішінде ипотекалық кредиттеу нарығын 1 трлн теңге сомасына кеңейту көзделіп отыр.
Екіншіден, банктерді қорландыру мерзімдерін ұзартуға Ұлттық Банктің банктердің айналыс мерзімі 5 жыл болатын облигацияларын сатып алуы ықпал етеді. Осы Бағдарлама шеңберінде ақша қаражатын жалпы тарту көлемі 2018 жылы 400 млрд теңгені құрайды. Осы көлемнің жартысы – 200 млрд теңге – БЖЗҚ қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Үшіншіден, жинақ депозиттерін енгізуде банктерді қорландыру мерзімдерін ұзартуға және банктердің экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеуін кеңейтуге ықпал етеді.
Көрсетілген ақша қаражаты сол сияқты экономиканың нақты секторын кредиттеуді кеңейтуге бағытталуы мүмкін.
Бұл шаралар кешені тиімді іске асырылған жағдайда банктердің экономиканы кредиттеу бойынша мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік туады.