Медицина • 13 Шілде, 2018

«7 – 20 – 25» ауқымды бағдарламасы іске қосылды

608 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«7 – 20 – 25» ауқымды бағдарламасы іске қосылды. Қатысушы банктер жеңілдік талаптарымен ипотекалық кредиттер бере бастады.

«7 – 20 – 25» ауқымды бағдарламасы іске қосылды

Бүгінгі күні «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасының шеңберінде 63 кредит мақұлданып, Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында ипотекалық қа­рыз берілді.

Үстіміздегі жылғы наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағыт­талған 5 әлеуметтік бас­таманы ұсынғанын еске сала ке­тейік. «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін бе­­ру»  бастамасын іске асыру шең­берінде Қазақстан Ұлт­тық Банкі «7 – 20 – 25» жаңа ипо­те­калық бағдарламасын бекі­тіп, бағдарламаның операто­ры бо­­лып табылатын «Баспана» ар­найы ұйымын құрды. Қазақ­стан­­дықтарға ипотекалық қарыз­дар берілетін талаптар бағ­дар­ла­маның атында бар: кредиттер ең төмен 7%-тік мөлшерлеме, кре­диттелетін тұрғын үйдің құ­нынан 20% мөлшеріндегі бас­тапқы жарна­мен, сондай-ақ 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Кредиттердің теңгемен берілетінінің маңызы зор, ал қарызды бергенде және оған қызмет көрсеткенде кез келген комиссия алуға тыйым салынған.

«7 – 20 – 25» бағдарламасының бұ­рын іске асырылған және қа­зіргі уақытта қолданылатын бағдарламалардан ерекшелігі онда нысаналы мемлекеттік қар­жыландырудың болмауында. Бағдарлама кредиттік ре­су­рстардың тез қайтарылуын қам­та­масыз ету үшін қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есе­бінен қаржыландырылады.

Бағдарламаға тұрақты табысы бар, меншік құқығында бас­па­насы және ипотека бойынша өтел­меген берешегі жоқ  азаматтар қатыса алады.

Бағдарламаның іске қосыл­ғаны туралы мәлімдей отырып, Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев қарыз алуға үміткерлерде расталған табысының болуы ма­ңызды екенін ерекше атап өтті. Бағ­дарламаның әлеуметтік сипа­тына және жеңілдік талаптары­на қарамастан, тұрғын үй сатып алу­ға берілетін қаражат кредит болып табылады, ал кредит­ке банктік қарыз шартына қатаң сәй­кес­тікте қызмет көрсету қажет.

– Бағдарламада масылдық бол­жанбайды. Бұл жөнінде Мем­лекет басшысы да бірнеше рет айт­ты. Біз «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасы бойынша кредит алатын азаматтар оған бұдан әрі  қызмет көрсете алады деп көздеп отырмыз. Кредит алған қарыз алушылар қандай да бір уақыттан кейін оны өтей алмай, проблемалық қарыз алушылар болса және біз халыққа арналған баспана проблемасын шеше отырып, ипотекалық қарыз алушылар проблемасына тап болсақ, жағымсыз жағдай орын алады, – деді Данияр Ақышев Ұлттық Банктің таяу уа­қыт­та ғана проблемалық ипо­те­калық кредиттерді қайта қар­жы­ландырудың ауқымды бағ­дарламасын іске асыруды аяқ­тағанын еске түсіріп.

Бағдарламаны іске асыру қазақ­стандықтардың меншікті баспана алу арманын ғана орындамай, Қазақстан экономикасы драйверлерінің бірі – құрылыс секторына ынталандырушы әсер ететіні күтіледі.

– Бағдарламаны іске асыру көптеген қазақстандық үшін көп­тен күткен баспанасын са­тып алу мүмкіндігін бе­ре­­ді, ипотекалық кре­диттеу қар­қын­дарын жан­дан­ды­­рады жә­не тұтастай алғанда ел эко­но­микасының дамуына оң әсер етеді, – деп атап өтті Ұлттық Банк Төрағасы.

Данияр Ақышев бағдарламаны іске асыру басталғанын, алғашқы кре­диттер Алматы, Астана, Ақ­тау, Өскемен және Орал қала­ла­рында берілгенін атап көрсетті.

Өз кезегінде «Баспана» ипо­текалық ұйымының Басқарма төр­ағасы Қайрат Алтынбеков бүгінгі кү­ні 7 банктің бағдарламаға қа­ты­сушы болғанын және тағы да 2 банктің жобаға қатысуға дайындалып жатқанын хабарлады.

– Бүгінгі күні «Баспана» ЦентрКредит Банкімен, Халық Банкі­мен, Еуразиялық банкпен,  Цеснабанкпен, АТФ Банкпен, РБК Банкімен және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен келісімдерге қол қойды. Сбербанк пен Форте банк бағдарламаға қызығушылық танытып, техникалық жұмыстар аяқ­талған соң «7 – 20 – 25» ипо­текалық бағдарламасы бойы­нша келісімге қол қоюға дайын. Осылайша, біздің әріптес банк­теріміздің дамыған желісін ескере отырып, біз «7 – 20 – 25» ипотекалық бағдарламасы ел­дің барлық өңірін қамтиды жә­не Қазақстанның көптеген аза­мат­­тарына көптен күткен бас­па­насын алуға көмектеседі  деп үміт­тенеміз, – деп атап өтті Қай­рат Алтынбеков.

Ипотекалық ұйымның басшысы бағдарламаның талаптарында сатып алынатын тұрғын үй үшін баға шегі белгіленгенін еске сал­ды. Астана, Алматы, Ақтау жә­не Атырау үшін ол 25 миллион теңгені, қалған өңірлер үшін 15 миллион теңгені құрайды. Нысаналы индикаторларға сәйкес ипотекалық кредиттердің жалпы көлемі 1 триллион теңге болады.

Ұлттық Банк басшысы тұр­ғын үйдің ең көп құнын шектеу бағ­дарламаның әлеуметтік бағы­ты­на байланысты белгіленгенін атап өтті.

– Бағдарлама алғаш рет тұр­ғын үй сатып алатын адамд­ар­ға бағ­дарланған. Менің ойымша, еш­қашан тұрғын үйі болмаған, оған аса мұқтаж және бірден үлкен пәтерлер немесе үйлер сатып алуға дайын азаматтар бізде соншалықты көп емес. Бұл орайда мынадай қисын бар, мемлекет қолжетімді баспана алу үшін жеңілдік талаптарын ұсы­нады. Тиісінше, оның бағасы шек­теу­л­і болуға тиіс. Екіншіден, бұл бағ­дарлама әлеуметтік бағ­дар­лан­баған жылжымайтын мүлік объектілерін тартуға жол бермеу үшін іске асырылады, – деп түсіндірді Данияр Ақышев.

«7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қосу қазақстандықтар арасында үлкен резонанс туғызды: бағ­дарлама іске қосылған алғаш­қы екі күнде әлеуетті қарыз алу­шылардан 4 мыңнан астам өті­ніш келіп түсті. Халықтың та­ра­пынан жоғары сұранысты ес­кере отырып, Ұлттық Банк, «Баспана» және әріптес банктер бағдарламаның талаптары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізеді. Бұдан басқа, «Баспана» www.baspana72025.kz ресми сайтын іс­ке қосты,  онда бағдарлама туралы барлық қажетті ақпарат бар. Осы мақсатпен + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша тәулік бойы call-орталық жұ­мыс істеуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта «7 – 20 – 25» бағдарламасының мобильдік қосымшасы әзірленуде, ол таяу уақытта App Store және Play Market-те көшіріп алу үшін қолжетімді болады.

Самат МҰСА,

«Егемен Қазақстан»