Аймақтар • 13 Шілде, 2018

Б. Сағынтаев Ақтөбе облысының өнеркәсіптік және әлеуметтік кәсіпорындарын аралады

292 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралады, олардың мысалында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен, Индустрия 4.0 элементтерін енгізумен және денсаулық сақтау және спорт инфрақұрылымдарын жаңғырту шараларымен танысты.

Б. Сағынтаев Ақтөбе облысының өнеркәсіптік және әлеуметтік кәсіпорындарын аралады

Ақтөбе қаласының дамуымен танысу Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың соңында іске асырылған «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС нысанында басталды.

Премьер-Министр цехте жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғыларды әзірлеудің және блоктық-жиынтықты жабдықтардың технологиялық үдерісімен танысты.

Зауытты аралау барысында «ҚМЖЗ» ЖШС директоры А. Кашлаев зауытта өндірілетін өнім сапасының пайызы 96% асатынын айтты. Осылайша, өндіріс көлемі бірінші жарты жылдықта жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге шамамен 5 мың т құрады. Шығарылған құбырлар ұңғымадан сыртқа газ немесе сұйық флюидты тасымалдауға, бұрғылау кезінде және оларды одан кейінгі пайдалану үшін мұнай мен газ ұңғымаларын бекітуге, сондай-ақ суды, пайдалы қазбаларды және т.б. іздеу кезінде ұңғымаларды бұрғылау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, блоктық-жиынтықты жабдық жол мен құрылыс үшін битум және мазут алуға, ал қондырғылар ұңғымаларды бұрғылауға арналған.

Бұдан өзге, Б. Сағынтаевқа кәсіпорынды дамыту перспективалары туралы баяндалды. Шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, жалпы инвестициялар көлемі 16 млрд теңге болатын және 100 жаңа жұмыс орнын құрумен «Көміртек күйесі өндірісі» жаңа жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаның қуаттылығы жылына 50 мың т күйені құрайды.

Зауытты тексергеннен кейін Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев «Ақтөбе» индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Ақтөбе» индустриялық аймағы 200 га аумақты қамтиды. Бүгінгі таңда аталған алаңның 60% игерілді. Бүгінгі таңда 14,8 млрд теңге сомасына жеті жоба құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 29,4 млрд теңге сомасына 508 жаңа жұмыс орнын ашумен төрт жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

Облыс әкімінің орынбасары С. Төленбергенов өз кезегінде өңірдегі жол бойындағы сервисті дамыту және автожолдарды жөндеу жоспарын жүзеге асыру туралы баяндады. Осылайша, Мемлекет басшысының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың 90% үлесіне 2022 жылға қарай қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жыл сайын жол жөндеу жұмыстарының көлемі артып келеді.

«Ақтөбе облысының аумағындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 1897 шақырымды құрайды. 2016 жылы 99 шақырым жөнделді, 2017 жылы — 302 шақырым, биыл жалпы сомасы 35,7 млрд теңгеге 404 шақырым жол жөндеу жоспарланған, ал 2019 жылы 43,6 млрд теңгеге 452 км жөндеу болжанған», — деді С. Төленбергенов.

«ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы Е. Кизатов KazWay павильон-сервисінің жұмысын таныстырды. Оның айтуынша, биыл Ақтөбе облысының аумағында республикалық автожолдар мен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бойында ұзындығы 609 шақырым болатын осыған ұқсас жеті павильон орнату жоспарланып отыр.

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында Ақтөбе облысында өнеркәсіп өнімдерін шығару көлемі 815,3 млрд теңгені құрады. 2017 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,1% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде мұнай өңдеу өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, металлургия, дайын металл бұйымдарының өндірісі артты.

Ақтөбе облысында екінші бесжылдықта (2015–2019 жж.) Кәсіпкерлікті қолдау карталарымен инвестициялар көлемі 195 млрд теңге болатын, 2,9 жұмыс орнын құрумен 23 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 14 жоба пайдалануға берілген, 1100 астам жұмыс орындары құрылған. Бұл әк, бекіту бұйымдарын, борлайтын шарларды, силикат бұйымдарды, металл конструкциялар мен металл бұйымдарды, макарон өнімдерін, жарақаттанудан қорғайтын жабындарды, сүт өнімдерін өндіретін жобалар, ет комбинаты, құрамында хромы бар қалдықтарды қайта өңдеу, мұнайгаз жабдықтары және құбырлар, шыны жуатын сұйықтықтар, антифриздер, шағын МӨЗ, сонымен қатар үй құрылысы комбинаты.

Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік қағидаты бойынша іске асырылған бірқатар әлеуметтік нысандарды: «Daru Zharygy» офтальмологиялық орталығын, «Алғашқы көмек» ЖШС орталық жедел және шұғыл көмек станциясын, сонымен қатар Жекпе-Жек сарайын аралады.

Медициналық ұйымдарды аралау кезінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қалиев Ақтөбе облысының денсаулық сақтаудағы жоғары әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымын кешенді жаңғырту іске асырылып жатыр.

«Облыста бауыр мен бүйрек трансплантациясы (2 жыл ішінде 37 бүйрек ауыстыру және 12 бауыр ауыстыру оталары жасалды), үлкен буындарды эндопротездеу, эндо-бейнехиругиялық емдеу тәсілдерінің кең ауқымы тәрізді бірегей емдеу технологиялары игерілді. Заманауи деңгейдегі генетикалық зертханасы бар Экстракорпоральді ұрықтандыру орталығы ашылды», — деді А. Қалиев, ол сонымен қатар медицина кластерін дамытудың бұдан кейінгі жоспарлары туралы баяндады. 

Ақтөбе облысында денсаулық сақтауды қаржыландыруға 8,5 млрд теңге, денсаулық сақтау нысандарын дамытуға — 4,2 млрд теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 1,9 млрд теңге қарастырылған. 

Бақытжан Сағынтаев «Daru Zharygy» заманауи офтальмологиялық клиникасында болды. Медициналық мекеме әлемдік сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай келетін АҚШ, Швейцария, Германия, Жапония елдерінің жоғары технологиялық жабдықтарымен және инновациялық технологияларымен жарақталған.

Қазақстанда жыл сайын офтальмологтарға 1 млн жуық адамның жүгінуі тіркеледі, оның ішінде 400 мыңы – бірінші реттік офтальмопатологиямен жүгінген. Аталған мәселенің өзектілігі маңызды жобаның іске асырылуына себеп болды. Осылайша, Орталық 2017 ж. желтоқсан айында пайдалануға берілді, ал биылғы жылдың басында кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі механизмі арқылы емделушілерді қабылдай бастады. Орталықтың стационары 60 төсек-орынға және күніне 500 рет қабылдауға шақталған.

Диагностикалық бөлімді аралау кезінде Премьер-Министрге жаңа цифрлық жобалар туралы баяндалды. «Daru Zharygy» орталығының директоры Ғ. Елеуов клиника «Medelement» медициналық ақпараттық жүйесімен жарақталғанын айтты. Қазіргі кезде «Қамқор» жүйелері және «Damumed» мобильді қосымшасы енгізіліп жатыр. МАЖ интеграциясы арқасында дәрігерлер адамның денсаулығының толық жай-күйін бақылай алады, алдын-ала онлайн-тіркеудің арқасында емханалардағы кезектер азаяды. Емделушілер дәрігердің кеңестерін, рецептілер, еңбекке жарамсыздық парағын, жүргізілген зерттеулер нәтижелерін үйден шықпай-ақ ала алады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда медициналық ақпараттық жүйелермен ұйымдардың 81% қамтылған. 2019 жылдың соңына дейін бұл деңгей 100% жеткізіледі. Сонымен қатар, өңірде а.ж. 1 шілдесінен бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жобасы енгізілген.

Жалпы Қазақстанда а.ж. бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша медициналық ақпараттық жүйелермен аудандық деңгейге дейін денсаулық сақтау ұйымдарының 96,7% қамтылған. Ал Интернет желісіне аудандық деңгейге дейін денсаулық сақтау ұйымдарының 100% қолы жетімді. Денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудан күтілетін тиімділіктер: халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі: 2018 — 44%, 2019 — 49%, 2020 — 55%, дәрігердің қабылдауындағы уақыттың қысқаруы 50-60%.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуымен танысу «Алғашқы көмек» ЖШС жедел және шұғыл медициналық көмек қалалық станциясын көру барысында жалғасты. Жоба түрік инвесторлармен бірлесіп МЖӘ аясында іске асырылған. Биыл наурыздан бастап Жедел медициналық көмек орталық станциясы жұмыс істей бастады, оның қуаттылығы жылына 75000 шақыру және 28 санитарлық автомашинаға арналған автогаражы бар.

Аралау кезінде Премьер-Министр жедел жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшелерін көріп, диспетчер бөлімінің, call-орталықтың, жедел жәрдем бригадасының жұмысымен танысып, мекеменің қызметкерлерімен кездесті.

Станция ең заманауи жабдықтармен жарақталғанын айта кету керек. Облыс жұртшылығынан қоңырауларды қабылдау үшін «103» бойынша 15 пультке бірыңғай call-орталық құрылған, қоңыраулар қабылданған соң медициналық іріктеулер жүргізіледі. Онлайн режимде тұрғындардан келіп түскен қоңырауларды «Алғашқы көмек» ЖШС оқытылған мамандары қабылдап, қадағалайды. Орталық жедел медициналық жәрдем қызметтерімен, ІІД, ТЖ, өрт сөндіру қызметі, санитарлық авиация органдарымен, апаттар медицинасы өңірлік орталығымен, шұғыл жағдайлардағы науқастарды қабылдайтын қаладағы АМСК және стационарларымен жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, өңірдегі санитарлық автокөлікке жерсеріктік мониторинг жүргізу үшін ресурстармен жарақталған.

«Алғашқы көмек» ЖШС директорының орынбасары Г. Топчу бірыңғай ақпараттық-талдамдық call-орталық жұмысымен қатар электронды шақыру картасы енгізілгенін және жүгінуді қабылдау кезінде гео-кодтау процедурасы жүргізілетінін хабарлады. Шақыртулар жедел медициналық көмек жүргізушісінің GPS-навигаторында және дәрігердің (фельдшердің) планшетінде көрінеді. Бүгінгі таңда желіде тәулік бойы заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған 16 реанимобиль, 2 диагностикалық автомобиль жұмыс істейді, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсететін 16 автомобиль бар.

«Реанимобиль барлық қажетті аппаратурамен жарақталған. Аппарат дефимониторэлектрокардиограмма түсіруге арналған. Ересектер мен балаларға арналған ауыстырылатын блоктары бар», — деді «Алғашқы көмек» ЖШС директоры Б. Түрметов.

2018 жылың 6 айының ішінде адамдар барлығы 177 472 рет жүгінген. Жаңа цифрлық технологиялар жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен сырқаттанған науқастарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, кешігіп орындалатын шақыртулар санын азайтуға, сонымен қатар жол-көлік оқиғасы орын алған жерлерге уақытылы жетуге мүмкіндік береді.

Өңірдегі МЖӘ жобаларымен танысу аясында Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар респаубликалық және халықаралық деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды өткізуге арналған «Жекпе-жек сарайын» барып көрді. 

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М. Махамбетов ғимарат тұғырдағы түрлі жинамалы-құрастырмалы заманауи рингтермен, күресуге арналған кілемдермен, татамилермен және жаттығуға арналған басқа да спорттық жабдықтармен жарақталғанын айтты. 

Облыс әкімдігінің деректері бойынша денсаулық сақтауды , мәдениет пен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясындағы көптеген жобалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаты бойынша іске асырылып жатыр. Бүгінде өңірде жалпы инвестициялар портфелі 43 млрд теңге болатын 108 МЖӘ жобалары жүргізілуде.

Ақтөбеде МЖӘ механизмі бойынша Мұз сарайы, Хоккей модулі, Теннис орталығы және Жеңіл атлетика манежі салынып жатыр. Жастар арасында спортты насихаттау және салауатты өмір салты дағдыларын телу мақсатында Ақтөбеде 14 street workout алаң мен скейт-парк салынған. Облыста 28 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері бар, оның ішінде 6-уы — арнайы мектеп. Бұл мектептерде 17 мыңнан астам оқушы 47 спорт түрі бойынша жаттығады.

Барлығы облыста 1670 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 17 стадион, спорт сарайы, 14 спорт кешені, 981 спорттық құрылымдар, 33 хоккей және 28 теннис корты, 6 шаңғы базасы, 9 жүзу бассейні, 544 спортзал және т.б. бар.

Еске салайық, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерде жұмыс сапарын жалғастыруда. Осыған дейін Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жұмыс сапарларымен болды.