Қоғам • 14 Шілде, 2018

Рудныйда полицейлер ресейлік азаматты жүрек талмасынан аман алып қалды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласындағы жергілікті полиция қызметкерлері Мақсұт Досыбаев пен Рамзан Тимухаев көшеде жүрек талмасынан құлаған азаматқа жедел медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды.

Рудныйда полицейлер ресейлік азаматты жүрек талмасынан аман алып қалды

Патрульде жүрген жергілікті полицейлер Парковая көшесінде құлаған ер кісіні байқап қалды. Олар жылдам жетіп, оған медициналық алғашқы көмек көрсетті.

«Ер кісінің оң жағы ұйып, ол өз бетімен қозғала алмай қалды. Біз «Жедел жәрдем» қызметін күтіп тұрмай, оны ауруханаға жеткіздік. Біз әр минуттың қымбаттығын сездік» дейді жол-патрульдік полициясы рота взводының командирі Мақсұт Досыбаев.

Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін полицейлер дәрігерлерден оның инсульт, одан кейін жүрек талмасы болғанын білді. Бұл күнде науқас қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Плиция аға сержанты Мақсұт Досыбаев сегіз жылдан бері адамдарды бірнеше рет осындай қиын жағдайдан аман алып шыққан еді. Ал қатардағы полицей Рамзан Тимухаев ауруға алғашқы көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін бірінші рет көрді.

«Ешқандай толқығанымды сезген жоқпын. Әр полицей кез келген уақытта көмекке дайын болуы керек, сондықтан медициналық білім қызметтік дайындықтың бөлінбес бір бөлігі» дейді Рамзан.

Жүрек талмасынан зардап шеккен кісінің туысы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовке полицейлерге жылдам әрі елгезектігі үшін алғыс айтуды өтініп, хат жазды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Соңғы жаңалықтар