Аймақтар • 14 Шілде, 2018

Мәжілісмендер Петропавлда Оқушылар сарайының құрылысымен танысты

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комиетінің төрағасы Мұхтар Ерман мен депутат Сергей Звольскийдің Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайының құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжілісмендер Петропавлда Оқушылар сарайының құрылысымен танысты

Жаңа Оқушылар сарайы 1800 балаға есептелген, оның салыну мерзімі осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Нысанның басты мақсаты – балалардың жобалау-зерттеу қызметін және ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту болып табылады. Оқушылар сарайының базасында IT-орталығы жұмыс істейтін болады.

- Оқушылар сарайының базасында болашақ IT-орталығының тұжырымдамасында 3 негізгі міндет анықталды.Біріншісі - балаларды заманауи ақпараттық технологиялар әлеміне, ІТ-кәсіпкерлікке және тәжірибелі ІТ-мамандармен коммуникацияға көшіру.Екіншіден, «прогрессивті» ата-ана мен дарынды балалардың достастығы қалыптасады. Сонымен біз ата-аналарға заманауи технологияларды сауатты пайдалана алатын балаларды тәрбиелеуге көмектесетін боламыз», - деді орталық директоры Дина Әбілмәжінова.

Орталықта балаларды тиімді оқыту үшінзертханалар жұмыс істейтін болады. Олар өнеркәсіптік интернет-заттар зертханасы, робототехника және мехатроника мен дрон жинау және электроника мен электротехника кабинеттері, сондай-ақ, SDR радио зертханасы, 3D-прототип кабинеті, виртуалды нақтылық, бағдарламалау кабинеттері болады. Бұдан басқа, сарай базасында инновациялық коворкинг-аймағы болады. Онда сөйлесу бөлмелері, смарт офистер, компьютерлендірілген аймақтар қамтылады.

Соңдай-ақ, сарайда көркемдік-эстетикалық бағыттағы шығармашылық аймағы қарастырылған. Онда балалар хореография, театр және вокалдық дағдыларды үйренеді.

 «Оқушылар сарайы мен жоғары технологиялық базасы бар бірегей IT-орталығы балалар мен жастардың интеллектуалды дамуының ошағы болып табылады.Мұнда ғылыми және шығармашылық қызмет үшін ең жақсы жағдайлар жасалады. Мемлекет басшысы бұл туралы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айтқан болатын», - деді Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман.

Сондай-ақ, депутат бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының жастарға бағытталған жаңа жобалары бар екеніне, ол еліміздегі көптеген талантты жастардың өз әлеуетін жан-жақты іске асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше