Қазақстан • 14 Шілде, 2018

14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты елдің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, бұршақ болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

sunshinefloral.com

Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, солтүстікте  және орталықта түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Сондай-ақ, Жамбыл, Алматы Қызылорда облыстарының  кей жерлерінде желдің күші 15-22 м/с жетеді.

Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Жамбыл,  Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты ыстық сақталады.