Аймақтар • 14 Шілде, 2018

Құлсарыдағы көп қабатты тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту проблемасы шешіліп жатыр

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды су таратқышы Құлсары қаласында су беру мөлшерін тәулігіне 9400-ден 12000 кубметрге дейін көтерді, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Құлсарыдағы көп қабатты тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту проблемасы шешіліп жатыр

Жылыой ауданында ұзақ жылдан бері жазғы маусымда көп қабатты тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту өзекті проблема болып келген еді. 

Аудан  әкімдігі мен «ҚазТрансОйл» АҚ  өкілдерінен құралған екіжақты комиссия отырысының қортындысы бойынша магистралды су таратқыштан тәулігіне берілетін су мөлшерін 9400-ден 12000  кубметрге дейін көтеру туралы шешім қабылданды.

- Облыс басшылығының «ҚазТрансОйл» АҚ-мен келісіміне сәйкес, екіжақты комиссия құрылды. Комиссия мүшелері Құлсарыда берілетін су мөлшерін көбейтуге шешім қабылдады, -дейді Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет. -Жаз мезгілінде күннің ыстығы кесірінен әсіресе көп қабатты тұрғын үйлердің жоғарғы қабатында тұратындар су проблемасына байланысты қиындық көретін еді. Берілетін су көлемінің көбеюі арқасында проблема шешілді.