Қазақстан • 15 Шілде, 2018

Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығын басқарады 

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсерлерінің кезектен тыс конференциясында қауымдастықтың жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығын басқарады 

 Болат Мажағұлов Токиодағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық джиу-джитсуден көк белбеудің иегері. 

"Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы елімізде аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында құрылды. Қауымдастық қызметі Қазақстанның ұлттық комитетімен танылып, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетімен аккредиттелген. Сонымен қатар Қауымдастық Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) мүшесі болып табылады", делінген баспасөз хабарламасында. 

Қауымдастық құрамына Қазақстанның 16 облысының және Астана мен Алматы қалаларының федерациялары кіреді. Қазір спортшылар Жакартадағы (Индонезия) Азия ойындарына дайындық үстінде.