Қазақстан • 15 Шілде, 2018

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты

2018 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7311,7 млн АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 7,4 пайызға артты.

Соның ішінде экспорт - 2316,1 млн АҚШ долларын (10,1%-ға өсті), импорт - 4995,6 млн АҚШ долларын (6,2%-ға өсті) құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,1%, Қырғызстан Республикасына - 4,2%, Беларусь Республикасына - 3,6%, Армения Республикасына - 0,1% келеді.