Қазақстан • 16 Шілде, 2018

Әңгіме өзегі – әйелдердің қоғам дамуындағы рөлі

656 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Орал қаласында «Гендерлік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы. Аймақтық ынтымақтастықтың тәжірибесі» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырды.

Әңгіме өзегі – әйелдердің қоғам дамуындағы рөлі

Халықаралық жиын Батыс Қазақстан облысы ҮЕҰ-ның әлеу­мет­­тік жобалары, кәсіпкер-әйел­дер­дің тауарлары мен қыз­мет­терінің көрмесін тамашалау­дан басталды. Ал конференция жұмысына Қазақстан Респуб­ли­касы Президенті жанын­да­ғы Әйелдер істері және отба­­сы­лық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия мү­ше­­лері, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті ат­­қа­ру­шы органдардың, ҮЕҰ жә­не халық­ара­лық ұйымдардың өкіл­­­дері, Батыс Қазақстан облы­сы­ әкімінің орынбаса­ры Ғ.Ос­пан­құлов, сондай-ақ Ресей­мен ше­к­аралас Астрахань, Вол­гог­рад, Орынбор, Самара және Саратов об­лыстарындағы іскер әйелдер қа­тысты.

Конференцияда қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық да­муында әйелдер қауымының рө­л­і, негізгі ортақ міндет – 30 да­мыған елдің қатарына кіруге ба­ғыт­­талған «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы, Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғыруымен астасып жатқан Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы 2030 жылға дей­інгі отбасылық және гендерлік сая­сат тұжырымдамасын іс­ке асырудағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұй­ым­дардың өзара әрекеттестігі сын­ды маңызды тақырыптар тал­қыланды.

Халықаралық жиынға модер­а­-
тор­лық еткен Ұлттық комиссия төр­ағасының орынбасары Еле­на Тарасенко форумның алғы сөзінде конференция қазіргі таңда отбасы, ана мен баланы қор­ғау, әйел адамдардың құ­қы­қ­та­ры мен мүмкіндіктерін ке­ңей­ту мәселелері бойынша билік пен қоғам, халықаралық ұйымдар арасындағы тиімді алаңға айнал­ған Ұлттық комиссияның 20 жыл­дығына арналғандығын атап өт­ті. Е.Тарасенко Қазақстандағы от­ба­сылық-гендерлік саясатты іс­ке асырудағы қабылданған пәр­менді шаралар мен жетістіктер ту­ралы, елімізде отбасылық-ген­дер­лік саладағы халықаралық та­лап­тардың қалыптасу тарихын кон­фе­ренция қатысушыларының на­зарына жеткізді.

Қазақстандағы оң өзгерістер, соның ішінде әйелдердің эконо­ми­калық әлеуетінің артуы Бүкіл­әлем­дік эконо­микалық форумда да өз бағасын алған екен. 2017 жыл­дың қорытындысы бойын­ша «экономикаға араласу және әйелдердің мүмкіндігі» көр­сет­кіші бойынша Қазақстан 144 елдің арасында 30-орынға та­бан тіреген. Сондай-ақ Парламент пен бар­лық деңгейдегі мәслихат де­путаттарының ішінде әйел адам­дардың үлесі 22%-ін құрай­ты­ны да ауыз толтырып айтуға бо­латын көрсеткіш.

– Мұндай халықаралық дең­гей­дегі маңызды жиынның Орал қаласында өтуі де орынды. Өйт­кені биыл Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президенті жанын­дағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның ғана 20 жыл­дығы емес, Батыс Қазақстан облысында да іскер әйелдер қауым­дас­тығы осыдан 20 жыл бұрын құрыл­ған, – деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов. Еліміз бойынша ең бел­сенді қызмет етіп жүрген Ақ Жай­ық өңірінің қыз-келіншектері об­лыс­­тың әлеуметтік-эконо­ми­калық да­муына да ерекше үлес қосып ке­леді. Мәселен, бүгінде облыста 188 әйел әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет етеді. Сенат пен Мәжілісте 2 әйел депутат болса, облыс әкімінің бір орынбасары мен аудан әкімдерінің төрт орынбасары да нәзік жандар. Бұған қоса өңірдегі 48 мың кәсіпкерлік нысанның 19 мыңын, яғни облыстағы барлық компанияның 41 процентін бизнес-ледилер басқарып отыр екен.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысымен шектесіп жат­қан Ресей губернияларынан делегациялар – жергілікті би­лік өкілдері, кәсіпкер әйелдер, қо­ғам­дық ұйымдар басшыла­ры өте белсенді қатысты. Ресей Федерациясының Орал қала­сын­дағы Бас консулы Андрей Батманов, Орынбор облысының вице-губернаторы Павел Сам­сонов, Орынбор облысы Заң шы­ға­рушы жиыны әлеуметтік және демографиялық саясаты жөніндегі комитеттің төрайымы, «Ресей әйелдерінің одағы» қо­ғам­дық бірлестігінің мүшесі Ольга Хромушина, Саратов облы­сы әйелдері одағы аумақтық бөлі­мінің төрайымы Валентина Боб­рова және басқалары Ресей Федерациясында осы салада ат­қарылып жатқан істермен т­а­ныс­тырып, Қазақстан мен Ресей қауым­дары арасында әріптестіктің екіжақты пайдалы болатынын жеткізді.

– Қазақстан Парламенті алғаш құрылған тұста Мәжіліс депу­тат­тарының 7-10 проценті ғана әйелдер болатын. Бүгінде ол көрсеткіш 29%-ке жетті, – де­ді Елена Тарасенко. Әсіресе Қостанай облысында бұл көр­сет­кіш 31 процентті құрайды, Ба­тыс Қазақстан облысында да 30%-ке жуық.

Осы жиынның өзіне де Пар­ла­мен­т Мәжі­лісінің қос депутаты Құралай Қарекен мен Снежана Имашева арнайы қатысты.

«Қазақстан Республика­сын­дағы гендерлік саясатты жүзеге асырудағы заңдық аспект» та­қырыбында баяндама жаса­ған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істе­рі және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссиясының мүшесі, «Ней­ро­хирургия ұлттық орталығы» АҚ дирек­торлар кеңесінің төр­ағасы Бексұлтан Тұтқышев кей­біреулер ойлағандай «гендер – еркектің мойнына түскен кендір» еместігін, керісінше дәстүрлі қазақ қоғамында әйелдің орны, оның еркіндігі ерекше қорғалғанына тоқталды. XVIII ғасырда қазақтың дәстүрлі құқықтық негізін салушылардың бірі әйгілі Төле бидің «Әйел жақсы болмай еркек оңбайды» деген қанатты сөзін мысалға келтірген Бексұлтан Серікбайұлы азат, білімді, текті әйелден ғана текті ұрпақ тарайтынын, ұлттың парасат деңгейі әйел қауымына қарасты көзқарасымен өлшенетінін пайымды жеткізді.

Конференция барысында белгілі болғандай, демографияны қолдау, ана мен баланы қорғау ісінде Ресей Феде­рациясынан да үйренетін үрдістер баршылық екен. Мәселен, Ресейде 2007 жылдан бері екінші (және одан да көп) балалы болған отбасына төленген «Ана капиталы» бастапқыда 250 мың рубль болса, кейін жыл сайын көбейіп, биыл 453026 рубльге жетіпті.

«Ресей әйелдері одағы» Саратов аумақтық филиалының төрай­ымы Валентина Боброва өз сөзінде Ресей Думасындағы әйелдер қанаты­ның қалыптасуы туралы айтып берді. «Гендерлік саясаттың дамуы заң шығарумен шектелмейді. Тең­құқықтық тәрбие мектептен, балабақшадан басталуы керек. Сонымен бірге жас аналарды да қо­ғам­дық қызметтерге тартып, бел­сен­­­ділігін арттыру керек» деген В.Боброва Ресейде бала күтімі үшін ана­ның орнына әкесі демалысқа шыға ала­тын заң күшіне енгенін хабарлады.

Конференция жұмысына ресейлік меймандардан бөлек, өз еліміздің де әр түкпірінен – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан да делегация келді.

Конференция модераторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төр­айымының орынбасары Елена Тара­сен­коның айтуынша, бұл жиында айт­ылған оң пікір, ұсыныстың бәрі қат­талып, тиісті мекемелерге жет­кі­зіледі.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы