Қазақстан • 16 Шілде, 2018

Мәңгілік Ел жолында

545 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасының осыған дейінгі жолдаулары мен мемлекеттік стратегиялық жоспарлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жалғасты. Еліміз жаңа даму сатысына өтті.  

Мәңгілік Ел жолында

Әрине жобаны жариялау бар да, оны жүзеге асыру бар. Жоба бойынша жұмыстың маңызды кезеңі – оның мақсаты мен маңы­зын қалың бұқараға кеңінен жет­кізіп түсіндіру ғой. Әсіресе өңір­дегі ең іргелі оқу орны, байырғы білім ордасы ретінде Махам­бет Өтемісов атындағы Батыс Қазақ­стан мемлекеттік универ­ситетіне ар­тылған жауапты міндет­ті анық сезінеміз.

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағ­дар­­­ла­малық мақаласы біздің университет порталының басты бе­тін­де, факультеттер сайтында орна­­ластырылды. Әлеуметтік желі­лерде бағдарламаға қатысты арнайы ақпарат пен атқарылып жатқан жұмыс жөніндегі мәлімет тұрақты таратылып келеді. Ма­қа­­­ланың негізгі ойлары мен басым бағыттарын насихаттау мақ­­сатында университеттің оқу ғима­раттарында, акт залдары мен кабинеттерде көрнекі құралдар ілінді. LED-экран арқылы видео және көрнекі ақпарат жүйелі беріліп, арнайы «Рухани жаңғыру» мәжіліс залы жабдықталды.

Ең бастысы, бұл қоғамдық жобаны іске асыру үшін ғы­лыми­-әдістемелік және қол­дан­балы-тәжірибелік қолдау қа­жет. Осы бағытта БҚМУ-да 15 мәр­те ғылыми-практикалық кон­­­фе­ренция, 12 рет дөңгелек үстел мәжілісі өткен екен. Бұл басқосу­ларда айтылған ұсыныс-пікірлер әрдайым біздің басты назарымызда.

Бір ғана мысалды айта ке­тейін. Бағдарламаға қатысты негізгі бағыттың бірі – латын әліп­биіне көшу жобасы болатын. Бұл тұр­ғыда университетте қомақты және кешенді іс тындырылды. Осы тақырыпқа бірнеше конферен­ция, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйым­дастырылды. Студент жас­тармен көптеген кездесулер өтті. БАҚ-тағы пікір алмасу­ және түсіндіру шараларына БҚМУ өкілдері белсенді қатысты. Біз­дің лингвист-ғалымдар латын әліпбиіне көшудің ғылыми-әдіс­темелік жағын қамтуға атсалысуда. Арнайы семинарлар өткізіліп, әдістемелік құралдар дайындалып жатыр. Біз дайын асқа тік қа­сық болмай, ел ертеңіне қажетті игі­лікті өзіміз жасауға тырысамыз.

Көптің көңілінен шыққан ма­­­ңызды бағыт – «Туған жер» жо­басы. Бұл жоба шеңберінде ғылыми және ғылыми-танымдық экспедициялардың орны ерекше. Соңғы кезде университетте бірнеше ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырылды. 2017 жылы тамыз айында «Қа­зақ­­станның жалпы ұлттық 100 киелі нысаны» тізіміне ен­ген ­ортағасырлық Жайық қа­ласы аумағында доцент Мұрат Қал­менов археологиялық қаз­ба жұ­мысын жүргізген еді. Уни­вер­ситеттің профессорлық-оқы­ту­шылық құрамы мен студент­терден жасақталған экспеди­ция Бөкей Орда өңірінде, Шың­ғырлау ауданында жұмыс атқа­рып қайтты. Мұның бәрі­ теория мен практиканы ұштас­тырып, студент санасында ұмы­тылмас әсер сыйлары анық.

«Жаңа гуманитарлық бі­лім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу­лық» жобасы бойынша жарық көрген 18 оқулық университет­ке жеткілікті көлемде алынды. Осы оқулықтар жөнінде профессор-оқытушылар құрамы, қыз­мет­кер­лер мен студенттер БАҚ арқы­лы өз ой-пікірін біл­діріп, оқу үрдісінде тиімді пайдалану жолын қарастыруда. Бұл жерде ғылы­ми-әдістемелік бөлімдер мен Сарап­тама кеңесі белсенді жұмыс істеп отыр. Мысалы, Сараптама кеңе­сінде «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: құдай­тану баяны» атты оқулық қызу талқыланды.

Оқу орнымыздың ғалымдары мен қызметкерлері осы бағыттағы жұмыста тек университет көле­мімен шектелмей, қала, облыс және шетел көлемінде де таралды. Соның ішін­де «Жа­hандағы зама­науи қазақстан­дық мәдениет» жо­басы бойынша шараларға ерек­ше көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, еліміздің мәдениетімен та­ныстыру алыс-жақын шет елдеріндегі әріптес білім ордаларында, мысалы Польша, Латвия, Ресей оқу орындарында тұрақты өткізілуде. 2017-2018 оқу жылында Поль­ша­ Респуб­ликасының Быд­гощ қаласындағы экономика университетінде, кейін Лат­вия Республикасының Рига тех­ни­калық университетінде «Ру­хани жаңғыру» бағытын Қазақ­станның мәдениетімен таныстыру шаралары табысты өтті.

Келешекте «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасының ғылыми негізін күшейту үшін ғылыми жобалар бойынша жұмыстың көле­мін кеңейту қажет. Сол себеп­ті әлеу­меттік және грант­тық ғылы­ми жобалар да қол­ға алынуда. Уни­верситет фа­куль­теттерінде дип­лом жобалары мен магистрлік дис­­сертация тақырыптары базасы қоғам­­дық сананы жаңғыртудың негіз­гі бағыттарына арналған зерт­­теу тақырыптарымен толық­тырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасына арналып Л.Н.Гуми­лев атындағы ЕҰУ базасында ұйым­дастырылған жас ға­лым­дардың республикалық ғы­лы­ми жұмыстар байқауында уни­­вер­ситетіміздің жас іздену­шілері бірнеше бағыт бойынша 4 жүлделі орынға ие болды. Әлеу­меттік зерттеулерді ұйым­дас­тыру, ұлттық бірегей­лікті сақ­тау, «Мәңгілік Ел» патриот­тық идеяның құндылықтары мен қазіргі жастардың бейнесіне қарас­ты жобалар бойынша жұ­мыс­­тар қолға алынуда.

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасының негізгі ұстанымда­рын білім алушыларға оқу үрдісі арқылы жеткізу үшін арнайы оқу бағдарламалары – элективті курс­тар даярланды.

Елбасы заманауи Қазақстан­ның азаматы қандай болуы қа­жет екенін айқындап берді. Біз жүргізген мониторинг нәтижесі жастардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мақұлдап, қол­дай­тынын көрсетеді. Болашақта М.Өтемісов атындағы Батыс Қа­зақ­стан мемлекеттік универ­ситетінде де жоспарлы және ке­шен­ді жұмыс атқарыла бермек.

«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біз­дің да­муымыздың ең басты қағи­дасы» деген Елбасы мақаласы заман көшінен қалмай, әлем көз тіккен, да­мыған озық елдер қатарынан орын алу үшін жаһандық бәсе­кеге қабілеттілікті арттырып,­ «өмір үшін өзгере білу керек­тігін, оған көнбегендер тарихтың ша­ңына ілесе алмайтынын» ұқтырғандай.

 

Нұрлан СЕРҒАЛИЕВ,

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры,

билология ғылымдарының кандидаты,

қауымдастырылған профессор

ОРАЛ

Соңғы жаңалықтар