Тарих • 16 Шілде, 2018

Қазаққа ортақ құнды жәдігерлер

412 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жү­зе­ге асыру аясында өткен жы­лы өңірде М.Х.Дулати атын­дағы Тараз мемлекеттік универ­ситетінің ректоры Махметғали Сарыбековтің бастамасымен «Әулиеата өңірінің киелі гео­графиясы» атты ғылыми-зерттеу жұмыстары басталған болатын.

Аталған бастамаға байланыс­ты жуырда оқу ордасының бас ғи­маратының алдынан «Әулиеата – киелі мекен-ІІ» атты ғылыми экспедиция өңір аудандарына жол тартты.

Экспедиция Тараз қала­сында және өзге аудандарда төрт бағыт бойынша зерделеу, зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бірінші бағыт Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі, Қали Жүніс моншасы, Төрт­күл керуен сарайы, Қарасай шат­қалы және Тектұрмас кесенесі болса, екінші бағы­тында Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылындағы Айша бибі, Бабаджа хатун кесенесі, Жуалы ауданының Берікқара шатқалы мен ғұн-сармат қорғаны, Талас және Сарысу аудандарының киелі жерлері қамтылған. Ал үшін­ші бағыты Жетітөбе қорғаны, Құлан кенті, Меркі қалашығы, Ас­пара бекінісі, Сыпатай батыр кесе­несі, Меркі, Т.Рысқұлов және Қордай аудандарындағы мәдени ке­шендер болса, төртінші бағыты Шу ауданындағы Жайсаң ғиба­датханасы, Баласағұн қалашығы, Хиам бекінісі, Жаңажол қонысы және Мойынқұм ауда­нының Сұң­қартау мен Хантау киелі мекен­дері болып саналады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айман Досымбаева өткен жылғы экс­педи­ция барысында Тараз қаласы мен бірқатар аудандардан ескі мешіт, көне моншалардың табылғанын, Қаратау жоталары мен Жуалы ауданы­ның Берікқара шатқалы тарихи құндылыққа толы екенін айта келіп, биылғы жылы да бұл жұмыстың сәтті жалғасатынына сенім білдірді.

 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы