Медицина • 16 Шілде, 2018

Актердің алып ескерткіші бой көтерді

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры – еліміздегі ең жас театрлардың бірі. 2003 жылдың 21 нау­рызында ашылған театр аз жылдар ішінде аяққа тұрып, шығармашылық тұрғыда қалыптасып үлгерді. 2006 жылы театр алдына актердің шағын мүсіні қойылған болатын.  

Актердің алып ескерткіші бой көтерді

Астана қаласының 20 жылдығы, Ақтау қала­сының 55 жылдығы және ҚазКСР-нің халық әртісі, ұлтымыздың ұлы актері Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына орай актер есімін еншілеген театр ауласында актердің алып ескерткіші бой көтерді.

Ұлттық кино және сахна өнерінің әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызы Нұрмұхан Жан­төриннің еңселі ескерткішінің ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, актердің немере інісі Ғариполла Байзақов, актриса әрі Халық әртісі Гүлжан Әспетова және жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Кинодағы Бейбарыс – Нұрмұхан Жантөрин ескерткішінің ашылуын Маңғыстау жұрты зор қуанышпен қабылдап, облыс әкімдігіне және үлкен істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын айтты.

Әртістің ой үстінде отырған сәті бейнеленген мүсіннің ұзындығы 2 метр 7 сантиметр. Тұғыры гранит тастан жасалған ескерткіш 3 ай мерзімінде дайындалған. Жалпы биіктігі 4,5 метрді құрайтын ескерткіштің авторы – жергілікті мүсінші Көшер Байғазиев, ал қаржылай қолдау көрсетуші – жер­гілікті кәсіпкерлер.

Ақтаудың ажарын, азаматтың айбарын асырған ескерткіш театр әртістері дайындаған сахналық қойылыммен салтанатты жағдайда ашылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше