Аймақтар • 16 Шілде, 2018

Қостанай диқандары «Алқап күнін» өткізді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл үшін диқандар Федоров ауданындағы «Троян» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  егіс алқабына жиналды.

Қостанай диқандары «Алқап күнін» өткізді

Онда облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың басқаруымен  ауыл шаруашылығы кеңесі өтті. Алдымен диқандар шаруашылықтың техникасын аралап көрді.  Диқандардың мұнда бас қосуы тегін емес еді. Өйткені ол егін шаруашылығын цифрландыру үшін таңдалып алынған республикадағы 9 қанатқақты шаруашылықтың бірі болатын. Цифрландыру бағдарламасы бойынша техника сапалы болуы тиіс. Шаруашылық жетекшісі Юрий Малышко соңғы жылдарғы жетістіктер мен өзгерістер туралы айтып берді. Шаруашылықтың 7 мың гектар егіс алқабы бар. Қазір егін шығымы жақсы. Егін алқабының 30 пайызы майлы және бұршақ тұқымдас дақылға ауыстырылды.

«Нарықты зерттеп отыруымыз керек. Бидай алқабын азайтып келеміз. Майлы, бұршақ  дақылдардың өтімі жоғары. Зығырдың сабанына дейін өңдеп,сатуды үйрендік. Түрлі жұмыстарға пайдаланылатын кендірдің тоннасын 160 мың теңгеден сатамыз, оның өзіндік құны 60 мың теңгеден аспайды» дейді Юрий Михайлович.

«Алқап күніне» Астана қаласындағы Агротехникалық университетінің ғалымдары да қатысты. Олар егін шаруашылығындағы цифрландыру бойынша таңдалған қанатқақты шаруашылықтармен жұмыс істейді.

«Біз цифрландыру технологиясын енгізген шаруашылықтардың табысы арқылы оның тиімділігін анықтаймыз.Гербицид, тыңайтқыш, техника қолданудың барлығын да ескі жолмен емес,  цифрландыру технологиясы арқылы жүргізгенде нәтиже тіпті басқа болады.Мұны алдағы уақытта кеңейтеміз, яғни цифрландыру технологиясын егін шаруашылығына енгізетін шаруашылықтар қатары көбейе береді»  дейді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің проректоры  Қайрат Айтуғанов.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай               

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше