Үкімет • 16 Шілде, 2018

ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы тағайындалды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы тағайындалды

Арман Шаққалиев 1977 жылы туған Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі, ғалым инженер.

Еңбек жолын Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша  «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ заң кеңесшісі қызметінен бастаған.

ҚР Мемлекеттік материалдық қорлар агенттігінің «Резерв» РМК бөлімінің басшысы, ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап «Қазақстандық метрология институты» РМК директоры болып жұмыс істеді.

2008 жылдың маусымынан 2016 жылдың сәуіріне дейін «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

2016 жылдың сәуір айында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше