Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Биыл Алматыда заңсыз 77 нысан анықталды

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Бағдат Мәнізоров мәлімдеді.

Биыл  Алматыда заңсыз 77 нысан анықталды

Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылы 119 заңсыз нысан анықталды, оның ішінде 66 нысан бұзылды.  53 нысан бұзылмай, 2018 жылға қалды.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 77 заңсыз нысан анықталды, оның ішінде 65 нысан бұзылды, 12 нысан бұзылмады.

Қазіргі таңда  Алматы қаласы аумағында 65 бұзылмаған нысан (заңсыз) бар. Оның ішінде 23 нысан бойынша бұзу туралы бастамашылық талап арыздар бар (барлығы бойынша бұзу туралы шешім шыққан). Қалған 42 нысан бойынша Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына істерді жолдауға шейін (айыппұлдар салынды) жан-жақты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Ян Гейл бағдарламасын жүзеге асыру шегінде Н.Назарбаев, Абай, Абылай Хан даңғылдары, Гоголь мен Желтоқсан көшелері бойынша 111 нысан тексерілді, бұл:

Назарбаев даңғылы бойынша 38 нысан тексерілді, оның ішінде:

27 нысан – заңды;

10 нысан – бұзылды;

1 нысан – бұзу туралы шешімі бар (2018 жылғы 13 маусым);

Абай даңғылы бойынша 40 нысан тексерілді, оның ішінде:

20 нысан – заңды;

19 нысан – бұзылды;

1 нысан – бұзу туралы талап арыз берілді;

Абылай хан даңғылы бойынша 18 нысан тексерілді, оның ішінде:

12 нысан – заңды (қайта құру бойынша жұмыстар басталды);

4 нысан – бұзылды;

2 нысан – бұзу туралы талап арыз берілді;

Желтоқсан көшесі бойынша 7 нысан тексерілді, оның ішінде:

5 нысан – заңды;

2 нысан – нысанның заңдылығы анықталуда (сұраулар жолданды);

Гоголь көшесі бойынша 8 нысан тексерілді, оның ішінде:

2 нысан – заңды;

1 нысан – заңсыз (нұсқама берілді);

5 нысан – бұзылды.

Заңсыз құрылысты анықтау және болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Дайындаған

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»