Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Қазақмыс биылғы алты айда 14 млн 507 мың тонна кен өндірді

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақмыс корпорациясы» биылғы алғашқы жартыжылдықтағы өндірістік қызметінің нәтижесін жариялады.

Қазақмыс биылғы алты айда 14 млн 507 мың тонна кен өндірді

Осы жылдың алғашқы алты айында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кен өндіру өндірістік жоспарын орындап, барлығы 14 миллион 507 мың тонна кен өндірді.

Кенді қайта өңдеу жоспары 92,8 мың тоннаға артығымен орындалды. Қайта өңдеудің жалпы көлемі 15 миллион 51мың тоннаны құрайды. Қайта өңделген кендегі мыстың орташа құрамы – 0,93%.

Шығарылған таза мыстың көлемі 104 116 тоннаға жетіп, жоспардағы көрсеткіштен 7 027 тоннаға артты. Концентраттағы мыс 123 056 тоннаны құрады, жоспардан 4 261 тоннаға артығымен орындалған.

– Жыл аяғында  ЖМЗ-ның екінші пешін іске қосуды жоспарлап отырмыз, осылайша Жезқазған мыс балқыту зауыты жүз пайыздық қуатпен жұмыс істейтін болады. Ал, «Kazakhmys Energy» барлық жоспарланған күрделі жөндеу және турбоагрегаттарды іске қосу жұмыстарын қатаң жоспар бойынша жүзеге асыруда. Жыл соңына дейін Жезқазған ЖЭО-дағы қосымша агрегатты іске қосып, Топар ЖЭО жаңғыртуды толығымен аяқтаймыз, – дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев Қазақстан баспсөз клубы таратқан хабарда.  

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»