Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түнде 18 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, онтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

18 шілдеде Ақтөбе қаласында кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Күндіз 18-20 шілдеде Жамбыл облысында 38°С қатты ыстық күтіледі.

18 шілде күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42°С қатты ыстық, таңертең және күндіз кей жерлерде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл сақталады.

Күндіз 18 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасының кей жерлерінде 36 градус жылыға дейін көтерілуі күтіледі.