Аймақтар • 18 Шілде, 2018

Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқандарды қоғамнан мүлде оқшаулап тастауға болмайды. Дені жұмысқа жарамды олар түзету мекемесінде түрлі кәсіппен айналысады.


Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

- 169/5 мекемесі жанында кешкі мектеп есебінен ашылған политехникалық колледждің филиалы бар. 2017-18 жылдары бағдарламаға сәйкес 37 сотталған оқуды бітіріп, диплом алды. Қазіргі таңда 2018-19 жылдары тағы қосымша тігінші мамандығын оқытуға байланысты жоспарға енгізілді,-деді ҚАЖД басшысының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров.

Түзету мекемесіндегі тоғыз цехта жұмыс жүріп жатыр. Бір цехта таза былғарыдан аяқ-киімдер тігіліп жатса, екіншісінде күніге 10 мың дана кірпіш дайындалып, 50 шаршы метр тас төсеніштер әзірленеді. Оның сыртында дойбы, шахмат сияқты кәдесыйлар да жұртшылық сұранысына ие. Бұйымдар зертхана сынағынан өтетіндіктен сапасы көңілге қонымды. Темір тордан кейін де өмір бар. Жазасын өтеушілер осылайша жаңа кәсіпке бейімделіп жатыр.