Медицина • 19 Шілде, 2018

Мемлекет медициналық көмек қызметін кеңейтуде

477 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жұмыс қарқынды жүргізілуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККБК) жаңа үлгісі жасалуда. Яғни бұл үлгіде тегін медициналық көмек көлемін ұсыну бойынша мемлекет кепілдігінің нақты шегі көрсетілетін болады.

Мемлекет медициналық көмек қызметін кеңейтуде

ТМККБК-нің жаңа пакеті халықты ең төменгі дең­гейдегі медициналық қызмет базасымен қамтама­сыз етпек. Бұл қызметтер тізімі ауқымд­ы және нақты болады. Оның қатарында про­филактикалық екпе және дәрігерлік тексеру, тоқ­ ішек қатерлі ісігі, сүт бе­зі қатерлі ісігі, жатыр мойын­шығы қатер­лі ісігі бойынша сонымен қатар қан айна­лым жүйесі аурулары және глаукома қаралады. 1 жас­қа дейінгі балаларды пат­ронаттық қамқорлыққа алу, жүкті әйел­дердің жағ­дайын бақылау, шұ­ғыл медициналық көмек, нау­­қастың өткір немесе­ шие­­леністі созылмалы ауру­лар­ жағдайында өтініш жасауында алғашқы меди­ци­налық-санитарлық көмек­ көр­сету маманының қабыл­дауы қарастырылуда. Дәл осы жаңа пакетке науқасқа саламатты өмір салты мә­селелері бойынша кеңес бе­ру, 50 зертханалық диаг­­ностика қызметі және құрал-саймандық диаг­ностикалық зерттеу (ЭКГ, тәулік бойы қан қысымын бақылау, спирография және т.б.) енеді.

ТМККБК-нің жаңа үлгі­сінде науқасты диспан­серлік тіркеудің орнына соз­ыл­малы аурумен ауыратын науқасты динамикалық бақылау ен­гізілетін болады.

– Егер науқаста 25 ауру емес, 25 ауру тобынан, яғни топтарына және әлеуметтік маңызы бар аурулардың 4 тобынан тұратын динамикалық бақылау тізіміне жататын ауру белгіленсе, мұндай жағ­дайда консультативті-диаг­ностикалық қызмет, жоспарлы стационарлық қызмет, жоспарлы стационар-алмастырушы қызмет тегін көрсетілетін болады, – дейді «Міндетті әлеу­­­мет­тік медициналық сақ­­тан­дыру қоры» КЕАҚ Ас­тана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабды­қапаров.

Ол сонымен қатар емдеу схемасы бойынша екінші рет медициналық тексеру, барлық қажетті бақылауға арналған зертханалық зерттеулер және ТМККБК шең­берінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін қарас­тырылатын болатынын атап өтті.

Тегін медициналық кө­мек көлемінің жаңа паке­ті­ бар­­­­лық азаматқа жедел­ ме­ди­­ци­­налық көмек, сани­тар­­лық авиация,­ алғашқы ме­дициналық-санитарлық кө­­мек жедел стационар-ал­мас­тырушы көмек, жедел стацио­нарлы кө­мек, пал­лиативті көмек көр­сетуді көздейді.

Тағы бір айта кетерлігі, мін­детті әлеуметтік сақтан­дыруға 2018 жылдың 1-30 маусымы аралығында 8,7 млрд теңгеден астам қаржы аударылған. Жалпы алғанда, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті әлеу­меттік сақтандыруға 2017 жыл­­дың 1 шілдесі мен 2018 жыл­дың 30 маусымы ара­лы­ғындағы ауда­рымдары мен төлемдерінің жалпы сомасы 80,6 млрд теңгеден аса қар­жы­ны құраған. Өңірлер бо­йынша Астана қаласының жұ­­мыс берушілер мен жеке кәсіп­керлері 10 млрд теңгеге жуық аударым жасаған.