Аймақтар • 19 Шілде, 2018

Биыл Сыр өңірінде он инвестициялық жоба іске асады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қызылорда облысында 7 млрд-таған қаржыға 10 инвестициялық жоба іске асады.

Биыл Сыр өңірінде он инвестициялық жоба іске асады

Облыстық мәслихат сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында аграрлық саланың алдына еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өндірілген өнім экспортын ұлғайту міндетті қойғанын айтты. Бұл, өз кезегінде, аграрлық саланы жаңа деңгейге көтеруге, ауылдық жерлерді дамытуға серпін беріп, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Осы мақсаттарға жету үшін біз Агрокартаны іске асыруда 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледік және мақұлдадық. Жалпы, осы іс-шара аясында ағымдағы жылы 7 млрд теңгеден астам сомаға 10 инвестициялық жоба іске қосылады, - деді аймақ басшысы.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»