Қазақстан • 19 Шілде, 2018

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Денис Теннің ата-анасына көңіл айту жеделхатын жолдады

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев мезгілсіз дүниеден өткен Денис Теннің ата-анасы Оксана Алексеевна мен Юрий Александровичке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Денис Теннің ата-анасына көңіл айту жеделхатын жолдады

«Өз атымнан және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің, сондай-ақ, еліміздегі барлық спорт қоғамының атынан ұлдарыңыз Денис Теннің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Бүгін жас спортшыны танитын, оның шығармашылығын бағалап, талантымен мақтанатын барша қауым үшін қаралы күн.   Өзінің спорттық ғұмырында Денис қайтпас рухымен, қайсарлығымен, чемпиондық мінезімен көзге түсті. Ол жас болғанына қарамастан, отандық мәнерлеп сырғанау спортының ұшар басында тұрды. Бүгін Қазақстан спорты даңқты Чемпионды жоғалтып алды. Біз сіздермен бірге қайғырамыз. Денис Теннің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген көңіл айту хатында.