Астанада ертеңнен бастап жолақы 180 теңге болады

Ертең 21 шілдеден бастап Астанада қалаішілік автобустарда қолма-қол ақшамен төлейтін жолаушылар үшін жолақы 180 теңге болады. Ал электрондық картамен төлеу 90 теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егемен Қазақстан
20.07.2018 3297
2

Астана қаласының қаламаңы қатынастарында қолма-қол ақшасыз электрондық карта арқылы төлеу 1 километр үшін 8,0 теңгеге тең. Ал қаламаңы қатынастарында қолма-қол ақшамен есеп айырысу 1 километр үшін 11,5 теңге болады. Егер электрондық картаны оқитын валидаторлар жұмыс істемей тұрса, жолаушылар автобуста тегін жүруге құқылы.

Көлік картасын пайдалану кезінде:

- жол ақысын карта арқылы төлеген кезде 60 минут ішінде қала ішілік және экспресс- маршруттарда тегін жүруге болады;

- қала маңы бағыттарында 60 минут аралығында тек бір автобусты ауыстырып отыруға болады;

Көлік картасы тек бір жолаушының жол жүруін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жол картасының жарамдылық мерзімі 5 жыл. Кепілдік мерзімі – 2 жыл. Ал толықтырылған қаржыны «Транспортный кошелек» арқылы шектеусіз пайдалануға болады;

Ақшалай төлем жасаған кезде жолаушыға бір реттік жол жүру билеті беріледі.

Жолақы төлеудің электронды жүйесінің артықшылықтары қандай?

- осыған ұқсас жүйелермен салыстырғанда бұл жүйе жүру ақысын қолма-қол ақшамен тікелей көлік құралында терминал арқылы жүргізушіге бере отырып, бір жолғы жол жүру құжатын алуға мүмкіндік береді.

- көлік карталарына бір мезгілде бірнеше тарифтердің жүктеу мүмкіндігі;

- басқа автобустарға қосымша ақы төлемей-ақ ауысып жүруге мүмкіндік;

Сонымен қатар, ЭЖК-ы жол жүру құжаттарының келесі түрлерін ұсынады:

- бір реттік жол жүру құжаты, қағаз түрінде бір сапарға және қазіргі уақытқа, тек бір көлік құралына берілген;

- толықтыруға болатын көлік картасы (пластикалық) ұзақ пайдалану мүмкіндігін және бірнеше тариф түрлерін жүктеуге мүмкіндік береді;

- мектеп көлік картасы;

- жеңілдікті көлік картасы;

- көліктік билет (жұмсақ келген, толықтыру мүмкіндігі қарастырылмаған көлік картасы шектеулі сапарға арналған).

Оқушылар қанша төлейді?

15 жасқа толмаған балаларға арналған атаулы көліктік картаны пайдаланушылар үшін жолақысының құны 40 теңгені құрайды. Көліктік картаны мектеп оқушысы өзі оқитын оқу орнынан алады. 

Картаны рәсімдеу үшін мектеп оқушысы туу туралы куәлігін, фото суретін тапсыруы керек. Алғашында карта тегін беріледі. Оқушы мектеп картасын жоғалтқан жағдайда, оның басып шығарылуының құны 400 теңге болмақ. Мектеп оқушыларына арналған карта атаулылардың қатарында. Оны екінші тұлға қолдана алмайды. 

Мектепте картаны рәсімдеуге  оқушының ата-анасы бас тартса, оқушының ата-анасы немесе қамқоршысы Қажымұқан, 14 мекен-жайы бойынша орналасқан төлем жүйелері департаментіне баруы тиіс. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігін, ата-ананың біреуінің төлқұжатын, (бала жанында болмаған жағдайда) баланың 3х4 суретін алып келуі керек. 

Атаулы мектеп картасын басқа қалалардың оқушылары да ала алады. Ол үшін балалар өз ата-аналарымен, заңды өкілдерімен бірге карталарды беру пункттеріне келіп, 400 теңге төлеуі керек. 

Орталық кассаның мекен-жайы: Қажымұқан көшесі 14. Кассаның жұмыс режимі: ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз.

Өз атына жазылған жеңілдік картасы кімдерге беріледі?

Өз атына жазылған картаны «Ведомствоаралық әлеуметтік төлем есеп айырысу орталығында» (ВӘТЕО) есепте тұратындар – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы Астана қ. бойынша (Астана қ. бойынша МӘТО) және келесі санатқа жататындар алады:

Жас бойынша зейнеткерлер және қызмет өткерген жылдар, сонымен қатар жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар және асыраушысынан айырылғандар, зейнет жасына жеткендер; көпбалалы аналар; көпбалалы отбасылар; мүгедектер; 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар; оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілі); Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары және соған теңестірілгендер.

Жеңілдік транспорт картасын тек «Ведомствоаралық әлеуметтік төлем есеп айырысу орталығында» (ВӘТЕО) – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы Астана қ. бойынша (Астана қ. бойынша МӘТО) есепте тұратындар алады.

Байланыс-орталығына хабарласып (тел. 574-777), операторға өзіңіздің ЖСН айтыңыз. Оператор сіздің мәліметтеріңізді ВӘТЕО бар-жоғын тексереді.

Егер мәліметіңіз базада бар болса, Сіз картаны алудың екі түрлі әдісіне өтініш бере аласыз.

1 Нұсқа: www.alrt.kz немесе www.transcard.kz сайтына онлайн-өтініш қалдырыңыз. 5 жұмыс күні ішінде Сізге электронды поштаңызға өтініштің статусы туралы хабарлама келіп түседі. Дайын болған жеңілдік картасын алу үшін Орталық кассаға баруыңыз қажет.

2 Нұсқа: Орталық кассаға тікелей барыңыз және анкетаны толтырыңыз. Өзіңізбен бірге жеке төлқұжатыңызды және зейнеткерлік құжатыңызды ала барасыз. Орталық кассаның мекен-жайы: Қажымұқан к,  14 үй. Кассаның жұмыс уақыты: Дс-Жм сағат 9.00-ден 18.00 үзіліссіз.

Жеңілдік транспорт картасы жеке атыңызда болады және екінші тұлғаға пайдалануға берілмейді. Жеңілдік транспорт картасы қалалық және экспресс бағыттағы маршруттар үшін толтыруды қажет етпейді және жүру саны бойынша шектеу жоқ. Жеңілдік санаты бар азаматтар тегін жүргеніне қарамастан, карталарында жол жүру болмаса да олар автобустың салонына кірген кезде транспорт картасын валидаторға жақындатып, тіркетуі тиіс.

Қанша жол жүргеніңізді міндетті тіркеудің қажеттілігі мынада: 

1. Субсидияны дұрыс есептеу үшін. Қала әкімдігі жеңілдік санатындағы азаматтарды тасымалдайтын (автопарктер) тасымалдаушылардың шығынын ішінара өтейді. ЭЖТЖ және валидаторлардың арқасында қанша жолаушы тасымалдағаны немесе басқа автопарктердің  тасымалдағаны туралы нақты есеп қолжетімді болады. Бұл әкімдіктің автопарктерге аударылатын қаржыны  жол жүрушілердің санына қарап нақты есептеп шығуға мүмкіндік береді.  

2. Міндетті валидация жолаушылар ағымына талдау жасауға нақты көмек береді. Осы талдаудың негізінде маршруттардың желісі жақсаруда: жаңа бағыттар қосылып, өзгеруде, сұранысы көп бағыттардың жүктемесіне бағытталған жүмыстар жүргізілуде.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу