Ұлттық спорт • 20 Шілде, 2018

Астанада «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясында іріктеу сындары жалғасады

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясындағы БҚО спортшыларының жамбы ату мен теңге ілу бойынша іріктеу сындары өтеді, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Астанада «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясында іріктеу сындары жалғасады

Жарыс ертең, 21 шілде сағат 14.30-да  «Қазанат» атшабарында өтеді.

Айта кетейік, ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлы дала рухы» фестивалі еліміздің 4 облысында 3 ай бойы болады.

Асық ату, тоғызқұмалақ, көкпар, қазақ күресі бойынша іріктеу сындары Ақтөбе қаласында өтсе, фестивальдің финалдық кезеңі Астана қаласында ұйымдастырылады.