МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ШОҚ ЖҰЛДЫЗ...(ДЕНИС ТЕНГЕ АРНАЛАДЫ)

Тас түскен жеріне ауыр. Өлімнің қай сəтте жетерін білу мүмкін емес. 19 шілде күні, сағат 15:00 шамасында мəнерлеп сырғанаушы, Қазақстанның лайықты спорт шебері Денис Юрьевич Тен 25 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Егемен Қазақстан
20.07.2018 7226
2

Бұл өлім көк ту астында өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Тіпті, қарапайым халық қимастықпен оның өліміне сенгілері келмейтіндіктерін байқатты. Барлық әлеуметтік желілерде, сайт беттерінде қоштасу посттары мен ақпараттардың көптігі, бүтіндей бір елдің қайғылы қазаға ортақтас екендігін көрсетті. Бұл - қарапайым бұқараның Дениске деген құрметі мен махаббаты деп білеміз..

Жас таланттың халық арасында мұндай ыстық ықыласқа ие болуының басты себебі, оның адамдық асыл қасиеттері болса керек. Тіпті, соңғы кездесу сəттерінде жүзінен күлкі кетпеген. Ал, оның аз ғана уақыт ішінде жасап кеткен ерен еңбегі таңғаларлықтай...

Жас дарын қамшының сабындай ғана ғұмырында біршама биікті бағындырған болатын. Атап айтсақ, 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасында 255,10 ұпаймен қола медальға ие болса, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған. Ішкі біріншілікте оған бəсекелес жоқтың қасы еді. Ол Қазақстанның бес дүркін чемпионы атағына ие.

Денис Алматы қаласында туып-өскен азамат. Оның Корей империясы кезінде даңқты қолбасшысы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы екендігін біреу білсе, біреу білмес. Шоқ жұлдыз мәнерлеп сырғанаудан бөлек, өзге спорт түрлерімен, атап айтқанда, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған. Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан. Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойған екен.

2003 жылы "Хрустальный конек" турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Бала Денис ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді. Жас вундеркинд спортшы халықаралық деңгейде бір жылдан соң көрінеді, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар Одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болады. 2010 жылы Нидерландыдағы Гран-придің жасөспірімдер арасындағы кезеңін 10-шы болып аяқтаған. Қандай да бір сəтсіздіктер болмасын оның жігері мұқалмаған. 2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені,  яғни қола жүлдені салып берді. 

Елімізде қысқы спорт түрінің танымал болуына себепкер болған алтын ұл "Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері" атағын алды. Ол 2011 жылы VІІ Қысқы Азия ойындары туралы "bnews.kz" сайтына берген сұхбатында : - Тудың көтерілуі мен әнұранның орындалуы ең әсерлі сәт болды! Мен өз елімнің патриотымын! Мен Қазақстанда өстім. Осы елде көптеген жетістіктерге жеттім. Мен шетелде жаттығамын, бірақ менің болашақтағы барлық жоспарларым, есімім Қазақстанмен байланысты, - деген екен. Осы сөздерден оның елінің абыройы мен халқының қуанышы үшін мыңдаған шыңдарды бағындырғысы келгендігін түйеміз.  
Жайдары жүзді жас жігіт биыл ғана өзін жаңа қырынан танытқан болатын. Ол оның таза, жағымды дауысы, əншілігі. "Gakku tv" музыкалық арнасы  ресми парақшасында Денис Теннің жақында шағын альбомын жарыққа шығарғысы келгендігін жариялап және "She won't be mine" атты əнін жарыққа шығарды. 
Өмірге ғашық жігіт 25 жас мерейтойында инстаграмм парақшасына: "Өмірге ғашықпын. Туғандарымды жақсы көремін. Адамдарды сүйемін. Жақсы көргендерді жақсы көремі. Мен осыны бөліскім келеді. 25 жаста əлем өзгерек сезіле бастады", - деп жазған. 
Елінің бағы болған біртуар спортшы аққан жұлдыздай өте шықты. Жаның жəннатта болсын, қазақтың Денисі! Ұлы чемпион сен халық жүрегіндесің!

Ержігіт Күнтубаев,

ЕҰУ студенті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу