Қызылордада «Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» атты республикалық семинар өтті

Күн тәртібінде ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Семинарға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы   Ислам Әбішев, ҚР Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктерінің, «Қазсушар» РМК және өзге де мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Егемен Қазақстан
21.07.2018 2301
2

Аймақ басшысы Елбасы 2011 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2020 жылы ауылдық елді мекендердің  80 пайызын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті. Соған сәйкес 2011-2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасы қабылданып, бұдан кейін бірқатар салалық бағдарламалар ықшамдалып, 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасына біріктірілді. 2015 жылы қабылданған "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы ескірген ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары аса қарқынды жүргізілді. 

«Аталған бағдарламалар аясында Қызылорда облысында мақсатты әрі жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 2011-2017 жылдар аралығында бюджеттен 40 млрд.теңгеден астам қаржы тартылды. Соның нәтижесінде 2,5 мың шақырымға жуық ауылішілік және сервистік жүйелер жаңартылды, 8,5 мыңнан астам су өлшегіш құралдары орнатылды. Бүгінгі күні облыстағы 265 ауылдық елді мекеннің 199-ы немесе 76,5 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Халық санына шаққанда, 97 пайызды құрайды», - деді облыс әкімі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 57,4 пайызды құрайды. Сонымен қатар, шешімін әлі таппаған тағы да бірқатар проблемалық мәселе бар. Мәселен, ауылдық елді мекендерді сумен қамту және суды бұру жөніндегі Бірыңғай операторды құру мәселесі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

 «Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.А. Сағынтаевтың  2017 жылғы 22 қарашадағы №11-3/07-623 Хаттама қаулысымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері функцияларын беру мәселелерін және «Қазсушар» РМК ұсынатын бірыңғай операторды құру туралы мәселені қаржыландыру көздерін анықтау тапсырылды», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы   Ислам Әбішев. 

Сондай-ақ, комитет төрағасы орталық деңгейде Бірыңғай операторды құру мәселесі оң шешімін тапса, жергілікті жерде бұл мәселені кейбір аймақтар ғана қолдағанын айтты.

Атап өткен жөн, Қызылорда облысында республикада алғашқылардың бірі болып 2017 ж. 1 маусымынан бастап Филиал негізінде сумен қамту және суды бұру жөніндегі Бірыңғай операторы құрылды. Атап айтқанда, жергілікті сумен қамту жүйелері коммуналдық меншіктен республикалық меншікке, яғни «Қазсушар» РМК «Арал» ОДСП филиалының теңгеріміне берілді. 

Семинар-кеңес барысында Қызылорда облысының тәжірибесі туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов баяндап берді.

«Облыста сумен қамту жөніндегі Бірыңғай операторды құру тарихы 2012 жылы басталды. Атап айтқанда, республикада алғашқылардың бірі болып 2017 ж. 1 маусымынан бастап Филиал негізінде сумен қамту және суды бұру жөніндегі Бірыңғай операторы жұмысын бастады. Бірыңғай операторды құру суды соңғы тұтынушыға жіберу бойынша қызметтерді тиімді, сапалы әрі жүйелі өткізуге әрі құрылғыларды пайдалану және жөндеу жұмыстарын өз күшімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Серік Сүлейменов.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Бақытжан Сағынтаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша нақты тапсырма берді

22.01.2019

Петропавлда алабай тұқымдас ит иелерін талап тастады

22.01.2019

Солтүстік Қазақстанда шетелдік мигранттар легі тыйылар емес

22.01.2019

Қ. Бозымбаев «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

22.01.2019

Шағын несие алушылар қосымша 12,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашты

22.01.2019

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

22.01.2019

«Тал бесіктен жер бесікке дейін...»

22.01.2019

Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығаруды қолға алды

22.01.2019

Елбасының гранттар бөлу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды — ҚР БҒМ

22.01.2019

Мемлекеттік көмектің нәтижесін көріп отыр

22.01.2019

Қандастарды қабылдайтын байланыс орталығы ашылады

22.01.2019

Алматыда үстел теннисінен «ТОП-12» турнирі аяқталды

22.01.2019

Жүргізушісіз көліктерге жасалған шабуыл

22.01.2019

Қыраулы қаңтар (фотоэтюд)

22.01.2019

Облыс дәрігерлерінің біліктілігі нығайып келеді

22.01.2019

Сенат комитетінде «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

22.01.2019

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

22.01.2019

Азат Перуашев көше, мекеме атауларына Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды

22.01.2019

«Бес әлеуметтік бастама»: салық жүктемесін төмендету 2 млн азаматқа қосымша кіріс алуға жол ашады

22.01.2019

Сегіз спортшымыз Парижде күш сынасады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу