Күрес • 23 Шілде, 2018

Нью-Делиден олжалы оралдық

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның астанасы – Нью-Делиде күрес түрлерінен өткен жастар арасындағы Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұған дейін біз жарысты жеті жүлдемен (2 алтын+5 қола) қорытындылаған Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері командалық есепте екінші орын алғаны жайында баяндағанбыз.

Нью-Делиден олжалы оралдық

Қыздар сайысында жерлестеріміз 1 алтын және 3 қола медальді иеленді. Бас жүлде 62 кило салмақ дәрежесінде белдескен Ирина Кузнецованың еншісінде. Әскерилердің орталық спорт клубының өкілі ширек финалда жергілікті спортшы Аншу Аншудан айласын асырса, жартылай финалда қытайлық Циняцан Суннан үш ұпай айырмашылығымен ұтылып жатып, шешуші сәтте қарсыласын қос жауырынымен жерге қадады. Финалда Ирина жапониялық Рин Кондоны қапы қалдырды. 

Еркін күрес шеберлері арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы 2 күміс және 3 қола медальді қоржынға салды. Ақтық сынға алқынбай жеткен Талғат Сырбаз (61 кило) шешуші тұста өзбекстандықтан ұтылса, Серік Бақытжанов (97 кило) Иран балуанына жол берді. Ал Нұрғожа Қаипанов (70 кило), Ерғали Әлішер (92 кило) және Омар Эюбов (125 кило) қола медальді иемденді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Алматы