Жалаңаштану жарға жығады

Бүгінде ғаламтордың арқасында дей­міз бе, шетелдің әртістері мен модельдерін былай қойып, өз еліміздің қаракөз қыз-келіншектерінің жартылай жалаңаш түс­кен суреттері көптеген сайттарда, әлеуметтік желілерде қап­тап кеткені бар­шаға белгілі. Бұрын ғаламтор елімізге дендеп енбеген кезде шетелдің сағыз, кәм­пит­терінің қағаз орамдарындағы киімсіз түскен Голливуд әртістерінің суреті басылса, жағамызды ұстаушы едік. Қазір шетелді шаң қаптырдық десек болғандай.

Егемен Қазақстан
24.07.2018 3502
2

Күйеуімен ажырасқан, жасы қырық­тан асқан, бірнеше қыз тәрбиелеп отыр­ған танымал келіншектің о жер, бұ жерін табиғи қалпында бүркенішсіз көрсете бергеніне халық тіпті үйреніп кеткен­дей. Ел іші, шетел жаңалықтарын көре­йін деп ғаламтордағы ақпараттық сайттарды ашсаңыз, мемлекетіміз үшін аса маңызды жаңалықтың дәл түбінде бір қазақ әйелдің (оған тіпті қазақ деген ұлт атауын қосудың өзі ұят) көйлексіз, іш­киімі бәденін толық жаппай, жамбасы бадырайып тұрғанда көзімізді тайдырып әкететін болдық. Әлгіге қарамау үшін жо­ғарыдағы маңызды-ау деген жаңа­лықты аша қоямыз. Сөйтіп тозақтан шық­қан­дай «уһ» дейміз.

Жалаңаштанған жандарды кейбір сайт­тар, газет-журналдар неге арна­йы басады? Бәлкім, біз қарамасақ та киім­сіз әйел тәнін тамашалау басқа біреу­лерге керек болар. Бірақ кімге керек деген сұрақ тағы келеді көкейге. Жыл­тыраған белді айтпағанда ашық-ша­шық омырау, балтыр, іш киімі түсіп қалар­дай боп тұрған бөксені көру кімге ке­рек сонда? Кеңес өкіметі кезінде ел ал­дында жалаңаштану тұрмақ, өрескел бей­неде көрінудің өзі ұят саналып, қыз-­келіншектер әдебімен киінуші еді ғой. Дәп бір киім жетпегендей тәнін бүр­ке­мей суретке түсіріп, елге көрсету ар-­ұяттың жоқтығын білдіреді емес пе? Денесін барлық қырынан жұртқа көр­сетуді әдетке айналдырғандар ар-на­мыстан жұрдай деп білсек, оны қызық­таушыларды кім дейміз?

Бүгінде алты жасар баладан бастап қария­ларға дейін түгел ғаламторға тә­уел­ді боп қалғаны белгілі. Мектеп оқу­­шылары мен студенттер ғаламторға не­­гі­зінен оқуына қатысты мағлұматты із­­деу үшін кіреді. Ғаламторсыз елдің бір-бірімен байланысы да мүмкін емес сияқты. Хат-хабар алмасудың басты түрлерінің барлығы осы ғаламторға тіреледі. Қысқасы, ғалам­торсыз күніңіз жоқ.

Осыдан он жыл бұрын ғаламторды ауыл-ауылға түгел қосу мәселесі туын­дап, «балаларымыз шетел баласы­нан артта қалып қоятын болды, барлық аймақтардағы мектептер компьютерге қосылуы керек»  деген мәселе көтерілген. Бұл іс аяғына дейін жүзеге асырылып, бүгінде ғаламтор қолданбайтын қазақ баласы жоқ. Енді «балаларды ғаламтордың зиянынан қалай қорғаймыз?» деген ше­шуі күрделі мәселе туындады.

Бала психологиясына зиянды сайттарды жауып тастау жөнінде ұсыныстар айтылуда. Бірақ онымен іс біте қоймас. Өйткені негізгі жаңалықтарды, басты ақпараттарды тарататын ғаламтордағы қазақ-орыс тілдеріндегі сайттарда тек қана әдепті дүние жарияланады дей алмаймыз. Оны өзіңіз де көріп жүрген боларсыз. Халыққа жалаңаш тәнін көрсету кейбір әртістер үшін мақтаныш немесе ақша табуды көздеуден туған болса, сол жабусыз денеге қараған жандар бұдан не табады деген сұраққа ойланатын кез жетті.

Шетел ғалымдары жалаңаш әйелдер суретіне қараған адамдардың түрлі ауру­ға шалдығатынын анықтаған. Лыпасыз әйел тәнін тамашалау адамға барлық жағы­нан зиянды екен. Еуропалық зерт­теу­шілер ұятсыз суреттерге қарай­тын еркектер сезімталдығынан айыры­лып, жал­қаулыққа душар болады дейді. Бой­жеткендердің киімсіз тәнін көре берген еркектің әйеліне деген сүйіспеншілігі төмендеп, тіпті өзінің жарын себепсізден себепсіз жек көріп кету қаупі басым екен.

Ғаламтордан әйел тәнін лыпасыз қалпында көрген еркек миының моти­вацияға жауап беретін бөлігі істен шы­ғатын көрінеді. Мұны анықтаған неміс ғалымдары жалқау еркектер қайдан шығады деген сұрақтың бір жауабы осы дейді. Берлин университетінің ғалымы, доктор Симона Кун жалаңаш әйелді ғаламтордан көп көрген еркектің миы толығымен бұзылатынын айтады. Ер адамның ми жүйесі өзгеріске ұшыраған соң оның есте сақтау қабілетіне де орасан нұқсан келіп, маңызды дүниелер жадынан шығып, орнын арсыз бейнелер жаулап алады. Осыдан барып ер адамның жұмысқа деген қабілеті төмен­дейтіні анық.

Жуырда америкалық ғалымдар темекі шегуге, мас күйінде көлік айдауға ты­йым салумен қатар, жалаңаш әйел тәнін көп­шілікке көрсетуді тоқтатуды ұсынды. Қа­зір Батыс ғалымдары да денесінің о жер, бұ жерін көрсетуге дағдыланған әйел­дердің әрекетіне тежеу қоймаса, қоғам азғындап бітеді деп дабыл қағуда. Доктор Дон Хокинс есімді зерттеуші жала­ңаштарды көруге құштар жандар пси­хологиялық ауытқуға ұшырайтынын айтады. Вашингтондағы конференцияда доктор Хокинс лыпасыз әйел тәнін кө­руге деген еркектердің құштарлығы сонша, олар интернет дүкендер мен әлеуметтік желілерге кіріп пікір жазудан гөрі сондай суреттерді тамашалауды артық санайтыны анықталған.

Бүгінде ғаламторда тек қана жалаңаш­тардың суреттерін жариялайтын 4,5 миллион сайт бар екен. Қазақстанда жыл сайын осы мәндегі жүздеген сайт жабылады. Бірақ еліміздегі басты ақпарат көзі саналатын сайт-порталдарды ашсаңыз, міндетті түрде әлгіндей бейнелерге тап болатыныңыз анық. Ірі ақпараттық сайт­тардың өзі рейтинг үшін омырауын, белін, бөксесін жалтыратып көрсетуге құштар әйелдердің бейнесін жариялап бітер емес. Көрмейін десең де көзіңе түсетін жалаңаш бейнелер көпшіліктің жанын жаралайтынын, арына сызат түсіретінін біле бермейміз.

Неміс ғалымдары 45 жасқа дейінгі аза­маттарды зерттегенде жалаңаш әйел суретіне қарауды ұнататын еркектердің миы мерзімінен бұрын істен шығады де­ген қорытынды жасаған. Мұнымен қой­май, бұл санаттағы адамдар емі табыл­маған Паркинсон ауруына да ұшырайды екен. Ашық-шашық де­нені көрген сайын адам миының мо­раль­дық шешім қабылдайтын бөлігі іс­тен шығады. Кісі­нің кез келген жағ­дайда дұрыс шешім қабылдауы, қандай да бір факторды бағалай білу қабілеті жойылады. Бұл ту­ралы Кон­­нектикут штатының медицина уни­верситетіндегі «Ғаламтор мен өз­ге де технологияларға тәуелді бо­лу­ды зерттеу» орталығының психологі Дэвид Гринфилд мәлімдеді. Тыр жа­лаңаштардың суретін компьютер­ден қарағанда мидың перфронтальды қабығы істен шығады, ал бұл моральдық құн­дылықтарға қатысты шешім қабыл­дайтын бөлік. Яғни қарап отырып аз­ғын­даудың төте жолы осы болса керек.

 Адамды бұзылуға жетелейтін бейнелерге ұзақ қараған уақытта ми ішіндегі процестер тежеледі. Сондықтан жақсы мен жаманды ажырату қабілеті жойылады. Гринфилд бәдік бейнені көруге құштар жандарда ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырату қабілетінің мүлдем жоқ екенін айтады. Яғни бұл адамнан малғұнға айналу деген сөз. Ғалам­тордан азғын суреттерді көре-көре адам баласы ақырында өзін-өзі басқара алмайтын күйге жетеді.

Бүгінде дүние жүзі бойынша ажырасу факторлары қарқындап бара жат­­­қа­ны белгілі. «Morality in Media» ха­­лық­аралық ұйымының сарапшылары қыз-келіншектердің жалаңаш сурет­тері неғұрлым көп жарияланған са­йын жігіттердің үйленуге деген­ құш­тарлығы төмендейтінін және отба­сы­лы еркектердің әйеліне деген қызы­ғу­шылығы жойылатынын, ақыры ажы­расуға апарып соғатынын мәлімдеді. Аталған ұйымның сарапшысы Патрик Трумэн ғаламтордағы жалаңаш суреттер отбасын талқандайтынын, сондықтан жалпы қоғамның болашағына аса қатерлі екендігін айтады.

Миннесота университетінің зерттеу­шісі Стив Харрис жалаңаш әйел тәнін көрген еркектер ғана емес, әйелдердің де азғындық жолға жылдам түсетінін жет­кізеді. Мұндай суреттерді көрген сайын­ адамдардың бір-біріне деген сенімі жо­ғалып, сезімі солып, сырты адам бол­ғанмен хайуандық қажеттіліктен өзгені білмейтін малғұн болмысқа енеді.

Әлемде әр секунд сайын 30 миллионға жуық кісі жалаңаш әйел суреттерін көреді екен. АҚШ-та 39 минут сайын тәнін киімсіз көрсетушілердің бейнекөрінісі жария­ланады. Ал ғаламторға жүктелетін бейне­көріністердің 35 пайызы тек азғын­дықты насихаттауға арналған. Ғалам­тор қолданушыларының 42 пайызы тыр жалаңаштардың бейнесін көруге уақы­тының көп бөлігін арнайды. Ал әйел­дердің 30 пайызы мен еркектердің 70 пайызы арсыз бейнелерді тамашалауды әдетке айналдырыпты. Әр ай са­йын бір жарым миллиард ұятсыз сурет­­тер ғаламторға жүктеледі. Ал әлеу­мет­тік желілерде 420 миллион азғын суреттердің парақшалары ашылған.

Жалаңаш әйел тәнін ғаламтор арқылы арнайы іздеп тамашалау күніне 68 миллион көрсеткішке жеткен. Бұл қатерден сақтанудың амалдарын зерттеуші ғалымдар ұсынғанымен, азғын бейнелерден отбасын да, балаларын да алыс ұстауға тырысу әр адамның міндеті болса керек. Ал өзін қазақпын деген адам­ның арсыз бейнелерге көз салуы кеші­рілмейтін әрекет екені айтпаса да тү­сінікті.

Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

14.12.2018

Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты

14.12.2018

ШҚО Аягөз қаласында 600 орындық мектеп ашылды

14.12.2018

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев кәсіпкерлермен кездесті

14.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Қызылордада балабақша ашылды

14.12.2018

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті

14.12.2018

«Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асты

14.12.2018

Шағын және орта бизнесте көшбасшы

14.12.2018

Жайық өзенінің суы тұрғындарға қауіп төндірмейді

14.12.2018

Семейдегі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы арнайы кездесу өткізді

14.12.2018

Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар табыстады

14.12.2018

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

14.12.2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

14.12.2018

Бурабайда «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілді

14.12.2018

Еуропа лигасы: плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды

14.12.2018

Азаттықты айшықтаған аламан

14.12.2018

Президентке жасалған тартулар

14.12.2018

Батыс Қазақстанда жер қатынастары қызметі электронды форматқа көшті

14.12.2018

«Балуан Шолақ» көрерменімен қауышады

14.12.2018

Мемлекеттік марапаттарға ие болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу