Әлем • 04 Тамыз, 2018

Ауғанстандағы жарылыстан 20 адам қаза тапты

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 тамыз күні Ауғанстанның Пактиа уәлаятында шииттер мешітіне шабуыл жасалып, 20 адам қаза тапты. Уәлаят полициясының ресми өкілі Сардар Уәли Табасунның хабарлауынша, жанкешті тұрғындар мешітке жұма намазына жиналған кезде бомба жарған.

Ауғанстандағы жарылыстан 20 адам қаза тапты

Оның сөзінше, полиция екінші жанкештіні денесіндегі бомбаны жаруға жеткізбей көзін жойды. Шабуылдан он шақты адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Әзірге шабуылды ешкім мойнына алмады. Бірақ бұған дейін осындай шабуылдарды Ауғанстанның шығысында әрекет ететін «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы өз содырлары жасағанын мәлімдеген еді.

ИМ Ауғанстандағы шииттерді «діннен шыққандар деп танып, жиі шабуыл жасайды.