07 Тамыз, 2018

Халықаралық сарапшылар зерттеуінің нәтижесі жарияланды

433 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Халықаралық сарапшылар адамзаттың жаһандық сын-тегеуріндер күн тәртібін қабылдауына арналған GCS 2018 Research: Mapping The Global Challenges Agenda Астана форумының маңызды зерттеуін аяқтады. Талдау нысаны бес кластер: экономика, геосаясат, технологиялар, экология және әлеуметтік қауіп-қатер бойынша топтастырылған әлемдік дамудың 90 негізгі сын-тегеуріні болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Халықаралық сарапшылар зерттеуінің нәтижесі жарияланды

Бұл теңдесі жоқ талдаудың әдіс­намасы үлкен лингвистикалық дерек­терді зияткерлік машиналық өңдеу технологиясына негізделген. Зерттеу барысында соңғы жылы әлемнің 140 елінде 30 000 медиасында жарияланған 127 млн-ға жуық мәтін талданды.

Әлемнің түрлі елдерінің, құр­лық­­тары мен мәдениеттерінің ма­ңыз­ды жаһандық сын-тегеурін­дер­ді қабылдауына арналған үлкен лин­гвистикалық деректерді тал­даудың бірегей цифрлы зерттеуінің бірін­ші нұсқасы мамыр айының ортасында ұсынылып, әлемнің 100 елінен келген бел­гілі тұлғалар Жаһандық сын-те­геу­ріндер саммиті форматында аталған мәселені талқылады. Шілдеде бірегей халықаралық зерттеу жұмыстары аяқ­талды.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін деректерді талдау екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде бес топ: экономикалық, экологиялық, геосаяси, әлеуметтік және технологиялық 29 сын-тегеуріннің егжей-тегжейлі сипат­тамасы жасалды. Бұл сипат­тама бірқатар статистикалық көрсет­кіштер негізінде әзірленді.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, құрлық-тардың, мега-аймақтардың және елдер­дің арасында­ жа­һан­дық дамудың не­гізгі сын-тегеуріндерін қабылдауда ай­тарлықтай айырмашылықтың бар екені анықталды. Егер дамушы әлем елдері негізінен өзек­ті экономикалық жә­не әлеуметтік проблемаларға ба­са көңіл бөлсе, дамыған елдердің ғаламшардың тұрақты дамуына қатысты мәселе­лерге көбірек алаңдайтыны анық­­талды. Цифрлы экономика заманында өмір сүріп жатқан кейбір елдер үшін ең маңызды қауіптердің қатарына киберқауіпсіздік мәселесі кірсе, өзге елдер үшін ең негізгі сын-тегеурін – жұмыссыздық мәсе­лесі. Еуропа мен Солтүстік Амери­каның күн тәртібіндегі аса өзекті мәселелер – жаппай көші-қон мен террористік қауіп болса, дамушы әлем елдері үшін базалық энергетика мен көлік инфрақұрылымының жетіспеуі аса маңызға ие.

Құрылымдық жағынан алған­да бұл талдау статистикалық көрсет­кіштердің сипаттамасы және әлеу­меттік-мәдени көзқарастар мен экономикалық жағдай тұрғысынан қалыптасқан мәселені тү­сіндіру ретінде саналады.

Қазақстан мемлекеттік қолдауға қажеттілігі және белгілі бір мақсат­тарға қол жеткізу кезінде өз күш-жігерінің шешуші рөлі сипатталатын үшінші клас­терге жатады. Әдетте, бұл кластердің өкілдері бәсекелестіктен гөрі, бірлескен әре­кет ету тәсіліне бейім келеді. Қазақ­стан тұрғындары үшін елді дамытудың басым бағыты ретін­де экономикалық өсімге және эконо­микалық жүйенің тұрақты жағдайына қол жеткізу маңызды. Гуманистік қағидалармен ашық­ қоғам құру да маңызды басымдық­тардың қатарында. Елдің әскери әлеуетін дамыту да  өзекті мәселе­лердің бірі.

Зерттеуге сәйкес, Қазақстан тұр­­ғын­­­­­дарының өз еліне деген­ пат­риоттық көзқарасы өте жоғары деңгейде екені байқалады. Отан­сүй­гіштік сезімімен және демо­кратиялық құндылықтардың ма­ңыз­дылығын мойындаумен қа­тар, қазақстандықтарға құнды­лық ре­тінде толеранттылық қасиеті де тән. Басқа дін мен ұлт өкілдеріне деген жоғарғы сенім деңгейі сақ­талған.

«Адамдарға зорлық-зомбылық көр­сету жол берілмейтін қателік сана­лады. Жалпыланған сенім деңгейі орташадан біршама жоғары. Бұл қарым-қатынастың айрықша негізі ретінде адалдықты және рия­сыздықты анықтайды. Жалпы, ел тұрғындары үшін қоғамның демо­кратия­лық негіздерінің маңыз­дылығын мойындау өте маңызды», – делінген құ­жатта.

Сонымен бірге Қазақстан тұр­ғын­­­­дарының Үкіметке, мем­лекеттік құ­ры­­лымдарға және сайлау жүйесіне қа­тынасы айқын сенім­ге негізделген. Сайлау про­цесінің негізгі элементтері (сайлау алдындағы науқан, бұқаралық ақ­парат құралдарында жариялау, оппозициялық күштердің әрекет­теріне жағдай жасау, дауыстарды санау) заңды деп танылады.